"Эkoobym" жобасы аясында жақсылық жасап жарысайық.
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2023 14:46
Облыстық "Эkoobym" жобасы аясында жақсылық жасап жарысайық 2023 жылғы 13 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 14 сәуір аралығында өтіледі. Жобаға қатысушылар 6"А" сынып оқушылары пластикалық қақпақшаларды жинап ат салысуда. Сынып жетекшісі: Макишева Салтанат Евгеньевна.
«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты жаңа кітаптарға шолу
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2023 14:41
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты жаңа кітаптарға шолу өткізілді.
Мақсаты:
1. Өзіңе әлдебір жаңа нәрсе жасауға ұран тастау және өзің бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істі жасау!
2. Күз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізу!
3. Жақсы көңіл-күймен қуат алып, күзгі демалысты өткізу!
4. Оқу, жасау, сурет салу, оқылғандар туралы сюжеттер, әңгімелер ойлап табу! Шара барысында күзгі демалыста жас ерекшеліктеріне қарай осы кітаптар тізімі ұсынылды. 1. Бауыржан Момышұлы. «Көз алдымда бәріңсің»
2. Абай. «Таңдамалары»
3. В.З. Галиев. «Ұлтты оятқан кітап» Міржақып Дулатұлы және оның «Оян, қазақ!» кітабының ізімен
4. Джоан Роулинг. «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясы»
5. Марк Твен. «Том Сойердің басынан кешкендері»
6. М.Тазабек. «Еркем, өмірің болсын көркем».
7. Қаз дауысты Қазыбек би
8. Брайн Трэси. «12 әмбебап қағидаттар»
9. И.Есенберлин. «Ғашықтар»
10. Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал»
Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы айта кететін болсақ, кітап тұлғаның рухани байлығын сақтаушы ретінде ұрпақты өткені, бүгіні және болашағымен байланыстырады. Сондықтан мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке тәрбиелеу үшін кірпіш бола алатын бірнеше кітап таңдадық.
"Айтыс —құдіретті өнер"
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2023 14:34
"Болашаққа сеніммен" дебаттық клубында "Айтыс —құдіретті өнер" тақырыбында оқушылар арасында дебат өткізілді.
"Отбасы — бақыт мекені" тақырыбында дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Жарияланды 13.11.2023 14:39
Мектебімізде ата — аналарған педагогикалық қолдау орталығы 1—4 сынып оқушылар ата — аналарымен "Отбасы — бақыт мекені" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде ата — ананың рөлі маңыздылығы және отбасы құндылықтарын насихаттау. 4"Б" сынып жетекшісі А. К. Алимбаева өткізді.
"Боламын деген баланың, бетінен қақпа" тақырыбында шара өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 31.10.2023 14:59
Мектебімізде ата — аналарға педагогикалық қолдау орталығының "Боламын деген баланың, бетінен қақпа" тақырыбында 10—11 сынып ата — аналарымен өтті. Мақсаты: ата — ана баланың жас ерекшеліктері, дербес тұлғалық дамуы, әлеуметтік ерекшеліктерін түсіне білуге жетелу, жол көрсету. Жауапты 10— сынып жетекшісі Л. М. Муханова өткізді.