Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня2
Вчера19
За неделю2
За месяц600
Всего60846

Поиск по сайту


<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30
31            

Материалдар

Рахат Әмина

     14.05.2003 жылы Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген.

   Мектепте өзін ұқыпты да тәртіпті оқушы ретінде көрсете білді. Оқу материалдарын талапқа сай игеруде. Жақсы көретін пәндері: қазақ тілі және әдебиеті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Мектепте өзін тек жағымды жағынан көрсетіп, мектепішілік мәдени және қоғамдық шараларға белсене қатысады. Бос уақытында әдеби кітаптарды оқығанды және шығармашылық жұмыстармен айналысқанды ұнатады. 2016 жылы «Бір ел – бір тағдыр» облыстық жас ақындар сайысының ІІІ орын иегері; 2016 жылы «Жарқын болашақ» ҮІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің «Әнші-бұлбұл» номиниациасының ІІІ орын иегері; 2017 жылы «Рухани жаңғыру – Алаш жолы» аудандық жас ақындар сайысының ІІ орын иегері; 2017 жылы «Жарқын болашақ» ІХ республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің «Әнші-бұлбұл» номинциясының ІІ орын иегері; Әмина 2018 жылы 9-сыныпты «Қызыл аттестатпен» аяқтады. 2019 жылы аудандық «Абай оқулары» байқауының І орын жүлдегері; 2020 жылы Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен аудандық олимпиададан І орынды, облыстық олимпиададан ІІІ орынды иеленді; 2020 жылы Облыстық кітапхана ұйымдастырған «Алтын адам» шығармашылық сайысының І орын иегері; 2020 жылы «Алтын белгі» үміткері қатарында. Сонымен қатар, облыстық «Ақберен», «Мағжан оқулары» байқауларына қатысып, сертификаттармен марапатталды. Ауданда өткен мектепаралық дебаттарда өзінің сөз шешендігімен көзге түскен оқушы. Әминаның мінезі салмақты, сабырлы, өзінің жас ерекшелігіне сай, адамдармен тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлай біледі. Өмірге көзқарасы позитивті. Құрбыларымен, сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген үлгілі оқушы. Әмина отбасына қамқор болу жауапкершілігін түсінеді, ата-анасын, отбасы мүшелерін құрметтейді. Алға қойған мақсаты: ұстаз болып, ел болашағы жастарға рухани тәрбие беруге атсалысу.

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz