Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня2
Вчера43
За неделю156
За месяц553
Всего60799

Поиск по сайту


<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Материалдар

«Жаншуақ» лагерінің жұмысы

Мектеп жанындағы жазғы демалыс орталығы «Жаншуақ» лагерь жұмысы туралы ақпарат

 

  6 - маусым.   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Шамшырақ"   үйірмесінде "Мектеп кітапханасы-рухани тәрбие көзі" атты әдеби кітаптар жайлы   ақпарат берілді. Мақсаты:жазды қызықты әрі пайдалы өткізу! Жақсы көңіл-   күймен   қуат алып,кітап оқуға оқушыларды шақыру.Балаларға ұсынылған әр   кітап  жайлы   сипаттама берілді.Ахмет Байтұрсыновтың "Қара бұл " өлеңін дауыстап   оқып   жазушының не айттқысы келгені жайлы пікір алмасты.

 

 

      «Жаншуақ» лагерінде "Отбасым - бақыт мекенім" атты тәрбие сағаты өтті және     тәрбиеленушілер отбасы жайлы эссе жазды. Мақсаты:Тәрбиленушілер отбасы,       жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын     дәріптеу , есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс   істеу дағдыларын дамыту.

 

 

  Бейіндік лагердің "Киелі өлке" үйірмесінің  тарих пәні мұғалімі Абдугалиева А.А.   оқушыларға Ұлы Отан соғысының батырына арналған И.В. Панфилов     ескерткішіне апарып дәріс оқыды.Мақсаты: Қазақстан, туған жер туралы   түсініктерін кеңейту.Отансүйгіштікке баулу.

 

 

     7 – маусым.  "Жаншуақ"лагерінде экологиялық апта шеңберрінде «Эко-   развивайка» атты тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйлау  шарасы өтті. Үй   жағдайында шығарылған қалдықтарды қайтадан өңдеу арқылы  пайдаланудың   әртүрлі әдістерімен танысу. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,   экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.

 Тәрбиеленушілер табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай   отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру;   мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

 

 

   "Жаншуақ" лагерінің тәрбиеленушілеріне "Судағы қауіпсіздік"  бойынша     ақпараттық сағат өткізілді. Тәрбиленушілерге судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң   сақтауға ескерту айтылды.

 

 

   "Шамшырақ" үйірмесінде "Табиғатты аялайық" атты тақырыпта тұрмыстық   қалдықтарға  екінші өмір сыйла атты экологиялық сағат өткізілді. Экологиялық   сағат жалпы оқушылардың табиғатты қорғау керектігі, тұрмыстық қалдықтарға   екінші өмір сыйлау туралы түсініктерін молайту.

 

 

   "Жаншуақ" лагерінде " Маска" шоу-бағдарламасы өткізілді. Музыкалық жобаға   көптеген  үміткерлер қатысып, бақ сынасты. Әр өнерпаз арнайы костюмдер мен   маскаларда өнер көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын   арттыру, әншілік қабілеттерін дамыту, актерлік өнерге баулу, өнерге талаптандыру.

 

 

  8 – маусым. «Жанымыз әркез сау болып, жазымыз болсын жайдарлы...»   ұранымен "Жансаулық" арт-терапия үлгісіндегі жазғы бейіндік үйірмесінде     оқушылар өнер арқылы өзіндік эмоцияларымен жұмыс жасап,  өзін-өзі тануға,   өзін-өзі бағалауға, эмоционаларын жақсартуға үйренеді. Изотерапия: түрлі   бояулармен сурет салу (саусақтарымен, алақанмен), құм терапиясы: «Сиқырлы   құмсалғыш», «Құм сандық», әуенді терапия: «Әуен және мен», «Сиқырлы   әуендер», «Менің қабілетім» сабағы, қуыршақ терапиясы: «Қуыршақтар   сөйлейді»  т.б тақырыптарда өткізіледі.

 

 

  «Радуга» мектептен тыс орталығында мектеп жанындағы лагерлерге арналған   құқықтық сауаттылық бойынша квест-ойыны өткізілді.жасөспірімдердің   құқықтық  білімдерін тексере отырып, құқықтық сана сезімі мен мәдениетін   қалыптастыру. Адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

 

 

   «Жаншуақ» лагерінде күнделікті спорттық іс шаралар өткізілді. Оның барлығы   салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған. Оқушылардың денсаулығын   арттыру,  шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке ету.

 

 

  9 – маусым.  «Жаншуақ»лагерінде "Экологиялық әдеттер" акциясы өтті.   табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға; т абиғатпен тікелей байланыста   болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың   қалыптасуына;табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты   қарауға баулиды.

 

 

   Сондай-ақ, «Жаншуақ» лагерінде бүгінгі күні « Сиқырлы бояулар» деп аталатын    іс шарасы өтті. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және   зейін қою қабілеттерін дамыту. Суретке деген қызығушылықтарын арттыру.

 

 

   «Жазғы лагерде "Эко-сана" апталығы өтті.  Табиғат-тіршілік көзі, оны таза     ұстауымыз керек. Оқушыларымыз саябаққа барып, қоқыстардан  тазартты. Мақсат - балалардың экологиялық білімін арттырып, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

 

 

  «Жаншуақ» лагерінде тәрбиленушілері аудандық кітапханаға барды.   Ертегілерге арналған викториналық сұрақтар мен ойындар өтті.

 

 

   10 – маусым.  Мектебімізде "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"  Ұлттық   ақпараттық науқанын (ҰАН)  ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар   жоспарын жүзеге асыру мақсатында  ұйымдастыруымен «Абай Құнанбаев   атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ  10 маусым күні балаларға "Біз   бала еңбегіне қарсымыз!", "Өз құқығыңды біл!" 7 – 10 сынып оқушылары     арасында атты ақпараттық сағаты өткізілді.

 

 

   8 – 10 сынып  оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" дебат қозғаласының   «Жастар дебат» клубының мүшелері арасында дебат сайысы өтті.

  Мақсаты: Балалар мен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған     балаларға қатысты еңбек ауыр түрлерінің зияны мен салдары туралы түсінік беру,   талқылау. Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге   үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау   қабілеттінің  белсенділігін арттыру. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.

 

 

   «Жаншуақ»  лагерінде  «Менің балалығым-базарлы шағым» атты суреттер   көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: бала еңбегін заңсыз пайдалануды   болдырмау,  балалардың тұрмыстық зорлық пен зомбылықтың құрбаны болудан,   отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына   тартудың алдын-алу.

 

 

  "Жансаулық" үйірмесінің кезекті сабағы "Сиқырлы жіптер" деп аталды.  Балалар   жіптерді бояп, қағаз бетіне түрлі тәсілдермен суреттер шығарды. Суреттерді   өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларымен бөлісті.

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz