Материалдар
"Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны"атты сұрақ-жауап ойыны өтілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 04.12.2023 14:54
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 15 қараша – Ұлттық валютамызға 30 жыл толуына орай "Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны"атты сұрақ-жауап ойыны өтілді. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу.