Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня3
Вчера17
За неделю73
За месяц356
Всего59542

Поиск по сайту


<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28

Материалдар

Болашақ мамандыққа бағдарлана отырып

Болашақ мамандыққа бағдарлана отырып

Шарбақты ауданының №3 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушылары «Победа» ЖШС-нің үш ұйымына экскурсияға барып қайтты: құрылыс алаңы, ет консервілерін өндіру цехы, нан-тоқаш өнімдері цехы, жартылай фабрикаттар өндіру цехы, сондай-ақ «Победа» ЖШС сүт кешені.

       Құрылыс алаңына экскурсия кезінде оқушыларға ағаш өңдеу бойынша электр құралдары мен станоктардың жұмысы көрсетілді, атап айтқанда: бойлық және көлденең аралау, сүргілеу және тегістеу. Оқушылардың назарын осы күрделі болып көрінетін барлық жұмыстар автоматтандырылған заманауи жабдықтардың көмегімен орындалатындығына аударды. Сондай-ақ, пластикалық терезелер жасау бойынша жұмыс көрсетілді. Шебер кез-келген өнімді жасау үрдісіндегі ең бастысы өлшеу екенін айтты. Дұрыс өлшеулерден кейін ғана материалды кесу, дренажды тесіктерді фрезерлеу, тігістерді өңдеу және желімдеу, резеңке тығыздағышты төсеу және қапсырмалау жұмыстарын бастауға болады. Пластикалық терезелерді құрастырудың кейбір сәттері оқушыларға да көрсетілді.

         Нан-тоқаш өнімдері, жартылай фабрикаттар өндірісі және ет консервілерін жасау цехына экскурсия цех меңгерушісі О. М. Ковтун жүргізді. Өкінішке орай, нан пісіру үрдісін көре алмадық, себебі нан таңғы 7:00-ге дейін пісіріледі. Цех меңгерушісі нан-тоқаш өнімдерін дайындаудың барлық үдерісін айтып, оқушыларға қуыру шкафтарын, нан дайындауға арналған формалар мен қамыр илегіштерді көрсетті.

        Жартылай фабрикаттар шығаратын цехта варениктер мен тұшпара мүсіндеу көрнекі түрде көрсетілді. Балалар цех қызметкерлердің мүсіндеу жылдамдығына таң қалды.

         Консерві цехында балалар бұқтырылған ет, қарақұмық және арпа ботқасын дайындаумен танысты. Етті банкаға салу және станокта қаңылтыр банкаларды бұрау жұмыстары көрсетілді.

         Сүт-тауар фермасында оқушыларға мал шаруашылығы бойынша директордың орынбасары Н.И. Плевако қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық өткізді. Содан кейін оқушылар №1 сүт кешеніне барды, онда Николай Иванович оларды ірі қара малдың өмір салтымен, оның шығу тегімен, қоректенуімен және сүтті жинау және өңдеу үдерісімен таныстырды.

Жалпы экскурсия өте нәтижелі болды және оқушыларға жағымды әсер етті. Түлектер барлық кәсіпорындардың жұмыс жағдайларына, ауыл шаруашылығы өнеркәсібін ұйымдастырудың технологиялық деңгейіне, еуропалық өндірушілердің технологияларын пайдалануына таң қалды және «Победа» ЖШС-гі қызметінің барлық салалары өте тартымды және оқушылар болашақ мамандық ретінде қарайтын болады деген қорытындыға келді.

Дубинина Т.В.

76fa1a67 1ed2 48fa ae89 e5465311070f c44c0930 98d0 4c6d 88f8 f4239f343f9a

796b854a 6b6a 42ef b99f 2d22d1b781ce

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz