Материалдар
Жасөспірім қыздарға арналған «Өзіңді бағалай біл» атты кеңестік сұхбат сабағы өткізілді.
- Толығырақ
- Жарияланды 05.05.2023 23:43
«Инабат» қыздар клубының жасөспірім қыздарға арналған «Өзіңді бағалай біл» атты кеңестік сұхбат сабағы өткізілді. Жасөспірім қыздарға «өзін-өзі бағалау» ұғымын дұрыс түсіндіре отырып, өзінің жеке бас ерекшеліктерін, ұнамды және ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала білудің қаншалықты өмір сүру барысында қажеттілігі түсіндірілді.
«Өзін-өзі бағалаудың», «өзін жақсы көрудің» маңыздылығымен қатар, оны дұрыс түсініп, асыра сілтеп жібермеу үшін не істеу қажет?», «адамдармен қарым-қатынас барысында өзін бағалаумен қатар, өзгенің де бағасын түсірмеудің жолдары қандай?» деген сұрақтарға пікірлер айтылып, қыздардың жас ерекшелігіне байланысты кеңестер айтылды.
Өзін бағалай білудің қыздарға тән қасиеттерді сақтап қалудағы маңыздылығы айтылды. Қыздар да өз кезегінде өз ойларын ортаға салды. Әңгіме барысында өзін бағалауға байланысты суреттік, артерапевтік тесттер алынды. Сұхбат сабақ соңында оқушылар алған әсерлері туралы өз ойларын жазып қалдырды.