Материалдар
«Инабатты әпкелердің ізімен...» атты кеңестік-танымдық сабақ өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 07.05.2023 23:08
Мектебіміздің психологі, қыздар клубының жетекшісі Смайлова А.С жасөспірім қыздардың бойына адамгершілік пен әдептілікті дарыту, қыздарға тән дұрыс-жүріс тұрыс ережелерін, инабаттылық қағидаларын білуге тәрбиелеу мақсатында «Инабатты әпкелердің ізімен...» атты кеңестік-танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында қыздарға «Қыз тәрбиесі» атты ролик көрсетілді. Қазіргі заман қыздары жан-жақты, білімді болуымен қатар қазақ қызына тән әдептілікті сақтау үшін не істеу керек, қандай қағидаларды естен шығармауы керектігі жөнінде әңгіме-сұхбат болды. Үйде, қоғамдық жерлерде қыздарға тән дұрыс жүріс -тұрыс ережелерін бала кезден білу маңыздылғы, сонымен қатар ата-ана, үлкендер ақылын дұрыс қабылдау жөнінде кеңестер берілді. Қыздар топқа бөлініп, сурет арқылы «Инабатты қыз» моделін жасады.