Материалдар
"Арттерапия ғажайыптары. Кофемен сурет салу"
- Толығырақ
- Жарияланды 18.06.2023 18:25
"Арттерапия ғажайыптары. Кофемен сурет салу"
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Барлық оқушылар кофе ерітіндісімен өз ойларындағы қалаған суреттерін салып болған соң кілемге жайланып отырды.
Өздерін еркін сезіне отырып, өз ойларын ортаға салды. Кофемен сурет салудың ерекше екендігін айтып, өз сезімдерімен бөлісті. «Суреттің қай бөлігі саған қуат берді, қандай әсерде отырсың, суреттегі бейнелер саған не айтып тұр?» деген сұрақтарға жауап беріп, ойларымен бөлісті. Сурет атынан өзіне бағыттап «Үндеу» жазды. Дауыстап оқып берді. Барлық қатысушылардың үндеулері позитивті болып шықты.