Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Маусым 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Материалдар

Жаз-2021. Бастапқы нүкте

    Ағымдағы жылдың 19 мамырында Шарбақты ауданының білім беру бөлімімен «Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» семинары өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, мектеп жанындағы лагерь директорлары, тәлімгерлер қатысты. Семинарға ауданның қажетті қызметтерінің мамандары қатысты: Каркинбаев Ринат Мухтарович, ТЖ бөлімінің бастығы; Алпысбаев Канагат Айтпаевич, учаскелік полиция инспекторы; Орманова Аяулы Жанарбеккызы.

   Семинарда жазғы демалыс және оларды жұмыспен қамту кезеңінде оқушылардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі туралы; балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша іс-шаралар туралы; шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызметінің алгоритмі туралы; жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу туралы; балалардың көшеде, жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары туралы мәселелер талқыланды. Оқушыларды жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету, СӨС алдын алу, оқушыларды сауықтыру, балаларды сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды жақсарту және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

    Білім беру бөлімімен қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін мемлекеттік қызметті ресімдеу бойынша, жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын үздік ұйымдастыруға арналған ауданның білім беру ұйымдарының жобалары мен бағдарламаларының байқау-конкурсын өткізу туралы, жолдарда, көшелерде, суда, өрт кезінде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша балалармен және ата-аналармен сабақтар өткізу туралы ұсынымдар берілді.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz