Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30  

Материалдар

«№3 ЖОББМ» КММ қамқоршылық кеңесінің 2020-2021 оқу жылындағы жұмысы туралы ақпарат

          2020/2021 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес жұмысының басым міндеттері:

-білім беру ұйымына оның жарғылық функцияларын жүзеге асыруға, қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу.

 -балаларды тәрбиелеу және дамыту, оқушылардың жас ерекшеліктері мәселелері бойынша ата - аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту, патриотизмді және азаматтық сана-сезімді қалыптастыру;

- әр түрлі деңгейдегі мектептің басқару қызметіне ата-аналар, қамқоршылар кеңесін тарту;

- мектептің конкурстарын, жарыстарын, бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

- мектептің әлеуметтік сала мекемелерімен өзара іс-қимылын жетілдіру. 

         Қамқоршылық кеңестің құрамына 9 адам және 1 хатшы кіреді. Қамқоршылық кеңестің төрайымы - Казека Анастасия Владимировна, Қамқоршылық кеңестің хатшысы - Гурина Анастасия Михайловна; Қамқоршылық кеңестің мүшелері: Пахомова Ольга Владимировна, Звонарева Юлия Владимировна, Рагозина Наталья Карловна, Григорова Лия Валерьевна, Фидищенко Марина Владимировна, Никитина Оксана Павловна, Винс Екатерина Владимировна, Аймульдина Асия Абдуллаевна.

    Жыл бойы кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер және қамқоршылық кеңес активінің 12 отырысы қаралды, отырыста балаларды аудандық жаңа жылдық шыршаға және Жалпыға міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамаққа тізімге енгізу туралы мәселелер қаралды.

       Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысында міндеттер бөлінді, қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы ереже, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын заңнамалық құжаттар зерделенді. Қызмет 2020/2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес білім беру мекемесінің Жарғысы мен қамқоршылық кеңес туралы ереже негізінде ұйымдастырылды.

    Қалған отырыстарда: қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы; мектеп директорының «Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданының №3 ЖОББМ» КММ ұстауға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы, білім беру процесінің барлық қатысушыларының білім беру нысынында карантиндік шаралар режимін сақтауы, мектеп мерейтойын онлайн режимінде мерекелеу туралы, жаңа жылға арналған «Балаға мереке сыйла» акциясына қатысу үшін демеушілерді тарту туралы, емтихандарды ұйымдастыру және дайындау туралы, мектеп оқушыларының жазғы демалысына және сауықтырылуына дайындық туралы, Қамқоршылық кеңес жұмысының қорытындысы туралы мәселелер қарастырылды.

    Қамқоршылық кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша келесі шешімдер шығарылды: ҚК құрамы мен төрайымы бекітілсін, 2020/2021 оқу жылына арналған ҚК жұмыс жоспары бекітілсін, іс-шаралар жоспары бекітілсін және онлайн режимде мектеп мерейтойын тойлауға жауапты болып ДТІО А.М. Гурина, аға тәлімгер Н.В. Дубинина, педагог ұйымдастырушы А.С. Байжанова және аға тәлімгер Е.В. Павлова тағайындалсын, аудандық Жаңа жылдық шыршаға және жалпыға міндетті оқу қорынан тегін ыстық тамаққа тізімі бекітілсін, «Чайка» қала сыртындағы лагеріне тегін жолдама алуға балалардың тізімі бекітілсін, Қамқоршылық кеңестің жұмысын қанағаттанарлық деп танылсын, Қамқоршылық кеңестің 2021/2022 оқу жылына арналған алдын ала жұмыс жоспары назарға алсын.

     Акция аясында: жаңа жылға арналған «Балаға мереке сыйла», онда оқушылардың тәрбие іс-шараларына (онлайн) қатысу мониторингінің нәтижелері бойынша мектептің белсенді оқушыларының тізімі жасалды, 60000тнг сомасына сыйлықтар бөлінді. Сыйлықтарға демеушілер тарапынан қаражат бөлінді.

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz