Материалдар
Есіркіге жол жоқ!
- Толығырақ
- Жарияланды 26.04.2022 09:26
Есіркіге жол жоқ!
2022 жылдың 19 сәуірінде Радуга МТЖО базасында Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша бөлім бастығы полиция полковнигі Темергалиева Ирина Александровна мен Шарбақты ауданы мектептерінің мұғалімдері, оқушылары арасында кездесу өтті. Шара «Біз есірткіге қарсымыз!» атты акция аясында өткізілді. Жиында полиция бөлімінің өкілі есірткінің зияны, оның алуан түрлерінің бар екендігі және оны сақтағаны, сатуы, насихаттайтыны үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартылатыны туралы жасөспірімдерге ескерту қажеттігін айтты. Жиын барысында жасөспірімдер мен жастардың есірткі қолдану салдарынан бейадекватты жағдайда болған эпизодтары көрсетілген бейнеролик көрсетілді. Іс-шара танымдық және тағылымды болды. Жиын соңында мектеп мұғалімдері мен оқушылары дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.