Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня3
Вчера17
За неделю73
За месяц356
Всего59542

Поиск по сайту


<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31          

Материалдар

Едіге би оқулары

Павлодар облысында тұңғыш рет «Ел қамын жеген Едіге би» оқулары өтті. «Кереку билер алқасы» қоғамдық бірлестігі мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен және «Аманат» саяси партиясының Павлодар облысы бойынша филиалының қолдауымен қазақтың аса көрнекті биі, Тәуке ханның билер кеңесінің мүшесі, «Жеті жарғы» заңдар жинағының түзуге қатысушы, «Етегіне ел сыйған Едіге би», «Ел қамын жеген Едіге би» (Мәшһүр Жүсіп) деген атпен қазақ тарихына енген тарихи тұлға Едіге би Төлебайұлына арналған «Ел қамын жеген Едіге би» облыстық оқулары өткізілді.

 

Оқулардың мақсаты: төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеу. Ертіс-Баян өңірінің атақты тарихи тұлғаларын, ұлт қаһармандарын көпшілікке насихаттау. Сонымен қатар, келешек ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге баулу, шығармашыл жастарды қолдау, мектеп оқушыларының ойлау, ақпаратты қабылдау қабілеттерін дамыту.

 

Облыста тұңғыш рет өткізілген «Ел қамын жеген Едіге би» облыстық оқуларына жалпы 40 оқушы қатысып, эссе жазу, зерттеу жұмыстары (ғылыми жоба) және тестілеу бойынша сайысқа түсті.

 

«Етегіне ел сыйған Едіге би» тақырыбындағы зерттеу жұмысы (ғылыми жоба) бағытында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Жұмабекқызы Әлия ІІ орын алды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Абдугалиева Айнаш Айтпаевна.


Оқулардың қорытындысы бойынша «Едігедей би өткен» тақырыбындағы эссе жазу бағытында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Нұрғабыл Гүлина дипломмен марапатталды.

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz