Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Материалдар

ОЖСБ бойынша семинар

 

   2019 жылғы 21 қаңтарда оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындығыаясында ГС бар ЖОББМ-нің базасында Павлодар облысының білім беруді және тәрбиелеуд дамытудың Инновациялық орталығы өкілдерінің қатысуы мен аудандық семинар өткізілді.

   Осы семинардың мақсаты-оқушылардың ОЖСБ-ға дайындық сапасын арттыруға ықпал ететін факторларды тыңдаушылардың ұғыну және түсіну, соның негізінде оқушылардың өз педагогикалық қызметінде оқыту сапасын арттыру жолдарын жасау. Семинарға ауданның 155 пән мұғалімі қатысты. Семинарда білім алушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді нысандары мен әдістері мәселелері қарастырылды.

   Тарих пәні бойынша әдіскер Б. Т. Аушахманова қатысушыларды ОЖСБ-ға дайындық бойынша оқушының жеке мониторингімен, оқушылармен түзету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығымен және бірнеше жауап нұсқасымен тестермен таныстырды.

   Бастауыш сынып әдіскері Н.Н. Жолдыбаева мен мұғалімдер ОЖСБ-ға дайындық бойынша алдын ала негізгі пәндер тақырыптарын зерделеу бойынша жұмысты жоспарлауды, оқушылармен түзету жұмыстары қандай жұмыс бар екенін талқылады. Одан әрі ынтымақтастық үшін WhatsApp тобын құрды.

   Дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин гимназияның қазақ тілі мұғалімі Б. М.Окпина 4,9,11 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындаудың оңтайлы жолдары, осы бағытта қандай құжаттар жүргізіліп жатқаны және тесттердің әр түрлі түрлерін құрғаны туралы айтып берді.

   Сонымен қатар, ГК бар ЖОББМ физика және информатика мұғалімі В. М. Еременко, ГК бар ЖОББМ математика мұғалімдері М. Н. Лось және Хмельницкий ЖОББМ мұғалімі Алигожина М. И., ГК бар ЖОББМ география мұғалімі Марюха Т. И., Алексеевка ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі Укужанова Б. Е., ГК бар ЖОББМ биология мұғалімі Коноваленко А. В., Шалдай ЖОББМ химия мұғалімі Муканова Г. А. және Абай атындағы ЖОББМ химия мұғалімі Бердыгожина Г. К. семинардың модераторы болды.

   Семинар соңында қатысқан әрбір тыңдаушы ОЖСБ-ға дайындық жүйесіндегі өзінің күшті және әлсіз жақтарын ұғына және түсіне алады, сабақта да, сабақтан тыс білім алушылардың оқу жетістіктерінің сапасын арттыруға ықпал ететін мүмкіндіктерді көре алады.

   Семинарға белсенді қатысқан модераторлар мен пән мұғалімдеріне алғыс білдіргім келеді, сондай-ақ барлығына оқу жетістіктерін сырттай бағалауды табысты тапсыруды тілейміз!

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz