Материалдар
«Мектепке жол» акциясы аясында көмек
- Толығырақ
- Жарияланды 31.08.2022 12:08
Шарбақты ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.
Балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және ескерту мақсатында білім беру ұйымдарымен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, қолайсыз отбасыларға бару ұйымдастырылды.
Қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні 351 оқушы 7 708,7 млн. теңгеге материалдық көмек алды. Оның ішінде демеушілерді тарту есебінен 225 оқушыға 3 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Балаларды мектепке дайындауда материалдық көмек алу үшін ата-аналар тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.