Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня3
Вчера17
За неделю73
За месяц356
Всего59542

Поиск по сайту


<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Материалдар

Ахмет Байтұрсынұлы – әліпби тарихы...

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы – әліпби тарихы...

Ахмет Байтұрсынұлы  (1872 жыл, қыркүйектің 5-і жұлдызында қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданыАқкөл ауылы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болған. Ахмет Байтұрсынұлы туралы сөз болғанда қазақ тілінің қиын да қилы тарихы туралы айтпау мүмкін емес. Оның қазақ тіліне серпін берген жан берген кемеңгер. Ұлт болашағына бар өмірін арнаған, сол жолда өмірімен қоштасқан жанкешті, өр рухты тұлға. Ең алғаш «Оқу құралы» кейіннен өзгерту мен толықтырулар енгізіліп «Әліп-би» деген атпен жарық көрген ең алғашқы қазақ алфабиті үшін қаншама еңбек пен тер төкті. Осындай қазақ қоғамының сауатын ашу мақсатындағы ерен еңбегі ешқашан өшпек емес. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы. Қаншама соқпақты жолдармен жүріп осындай кең мүра қалдырған ұлы перзенттің өз деңгейінде бағалануы орынды. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.» - деп шынайы бағалаған Мұхтар Әуезов. Олай болса шын алыптарды өз биігінде сақтайық.

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz