Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня14
Вчера15
За неделю196
За месяц593
Всего60839

Поиск по сайту


<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Материалдар

Ахмет Байтұрсынов

Арбиген жалпы орта білім беру мектебінің  

                                                                             8-сынып оқушысы

                                    

                                  Кептилеу   Зоя

                                                

Ұлт ұстазы-Ахмет

 

       Ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында ат салысқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов десек, артық айтпағанымыз болар. Саналы ғұмырын сауат ашуға арнап, қарапайым халықтың көзін ашуға ұмтылған жан, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы екені мәлім. Өзінің өткір тілді өлеңдері, жыр-жинақтары арқылы халқының құлағына маса болып ызылдап, ұйықтап жатқан халықты оятуға талпынған, жанды жерінен шағып, болашаққа зер салуды насихаттайды. Қазақ қоғамында оқу саласына ерен еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов, араб жазуы негізінде жасалған тұңғыш әліпбидің дүниеге келуіне түрткі болды. Өзінің қолға алған жобасы негізінде, топ алдына шығып, баяндама жасаған сәтте, ағартушы ғалым: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп айтқан болатын. Кіріктірілген сөздер, әріптердің балаларды оқып, игеруіне қиындық тудыратындықтан, барынша жеңілдетілген, тілге оңай екендігін алға тартып, «Оқу құралы» қазақ әліпбиінің баспада жарияланып, қара домалақ балалардың қолына тиіп, көзін ашуға өз ықпалын тигізді. Аталмыш оқулық әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймай, құнды дүниелер ретінде бағалануда. Айта кетейік, қазіргі біздің білім беру жүйесінде талай жылдар бойы қолданыста болып, кейінгі жылдары өзгеріске енген «әліппе» оқулығы да былтырғы жылдан бастап жанданып, қайта шәкірттердің қолына табысталды,Оның алғашқы бетінде, Ахмет Байтұрсыновтың болуы да бекер емес.

Талай жанның өміріне шуақ болып шашылып, талай жанның шамшырағын жағуға ықпал еткен азамат-Ахмет Байтұрсынұлының биыл 150 жылдық мерейтойы.Осы орайда елімізде ұлт жанашырының еңбектері мен өмір жолын дәріптеуде толағай жұмыстар атқарылуда. Ахмет Байтұрсынұлы - білім саласында орасан тер төгіп қана қоймай, баспа саласының дамуына да үлкен көмегін тигізді. Тұңғыш, жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына түрткі болған, дәл осы Ахмет Байтұрсынов болатын. Саясаттан хабар-ошар таратып, халықпен тікелей байланыс орнатқан басылым адамдарды үнемі ілім-білімге де үгіттеп отырды.

Оған қоса, нар тұлға Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде тарихтан жақсы таныс. Тіпті, отаршылықтың отты лебі оның отбасына да өз кесірін тигізіп, қазақтың текті ұлына жала да жабылды. Әрине, ұлттың ұранын ұлықтаған жанды Патша үкіметі аса жақтыра қоймағаны анық. Алайда, қазақ үшін, Ахмет Байтұрсынов қашан да, биік тұғырдағы, төбемізге көтеретін ұлт ұлы екенін қанша ғасыр өтсе де дәріптеп өтпек.

     Тілі таза, намысы өжет, текті тұлға қашан да ұрпақтардың ықыласына бөленіп жүре бермек. Тұңғыш ұстаз, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға. Осындай игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген абзал азамат, ол-Ахмет Байтұсынұлы!

                                                                                                                  

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz