Материалдар
Өңіраралық мектептердің арасындағы ынтымақтастық
- Толығырақ
- Жарияланды 03.11.2022 16:49
Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының және Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумының негізінде, «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ, Түркістан облысы «Қызылата » жалпы орта білім беру мектебі педагогтерінің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап екі жақты бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша, онлайын форматында ынтымақтастық байланыстарын бастаған болатын. Өткен аптаның 26-27 қазан күндері, екі серіктес ұжым алғашқы рет жүздесті. Түркістан облысы «Қызылата » жалпы орта білім беру мектебі педагогтері ауданымызға келіп, «Абай Құнанбаев» атындағы мектебінің базасында екі күн нәтижелі тәжірибе алмасып, іс-шаралрға қатысты. Кездесу «Шыңғыстаудың үш шыңы» атты, үлкен әдеби шарамен ашылды. Кеш қонақтары Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының серіктес Қызылата мектебінің ұстаздары; Павлодар облысының Инновациялық орталығының мамандары, Шарбақты ауданының әкімшілігі, Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің мамандары, ауданның бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, мектептің «Қамқоршылық кеңесі», ауданның мемлекеттік тілде білім беретін мектептері және 8-11 сынып оқушылары. Іс- шара барысында Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әніне сахналық қойылым жасалды, «Абайдың Шәкәрімді оқуға жібергені туралы» телефильмнен үзінді көрсетілді, мектептің дарынды жас мамандары -Қайролла Құрметбекұлы мен Айман Серігханкызын өз жүректерінен шыққан «Шәкәрімге арнау» өлеңін сахнаға шығарды. Мұхтар Әуезовтың «Еңлік Кебек» трагедия жанрында жазылған пьесасынан мектептің «Парасат» оқушылар шығармашылық театрының сахналық көрінісі тамашаланды. Тәжірибе алмасу жұмысы ашық сабақ, дөңгелек үстелмен жалғасты. Екі күнгі серіктестік кездесу, ауданның тарихи сакралдық орыны «Ғабдул Уахит хазірет» кесенесіне ұйымдастырылған экскурсия мен аяқталды. Тәжірибе алмасу кездесуге қатысқан Павлодар облысы Инновациялық орталығының мамандары өткізілген ашық сабақтарға баға беріп, ұсыныстарын айтты, Түркістан облысы «Қызылата » жалпы орта білім беру мектебі педагогтері ризашылықтарын айтып, екі өңір арасындағы ынтымақтастық жалғасын тауп, нығая түседі деген тілек білдірді. Аудандық білім беру жүйсінің ілгері дамуына септігін тигізетін әдістемелік шараның бастамашысы Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығына, жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізген «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ, және ұйымшылдық танытып атсалысқан мектеп ұжымдарына алғыс білдіреміз!