Материалдар
«Тіл-парасат» сайысы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 05.11.2018 16:15
Жуырда аудандық мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен оқу бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Тіл-парасат» атты байқау болып өтті. Мұнда өзге ұлтының өкілдері үш кезең бойынша сайысқа түсті. Олар бірінші кезеңде арнайы берілген тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде өздері таңдаған тақырыпта эссе жазды. Үшінші кезеңде ақын-жазушылардың өмірлері жайында баяндап, өнерлерін көрсетті.Сондай-ақ аталмыш сайыстың ұйымдастырушысы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қазына Қадастың айтуына қарағанда, бұл байқаудың басты мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мен өзге ұлт өкілдерін ана тілімізге ынталандыру, сонымен қатар талантты жастарға қолдау көрсетуді мақсат етті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Красиловска орта мектебінің оқушысы Ангелина Таран иеленді. Екінші орынды гимназиялық сыныптары бар мектептің оқушысы Никита Новиков жеңіп алды. Үшінші орынды гимназиялық сыныптары бар мектептің оқушысы Лейла Гумарова мен Красиловска орта мектебінің оқушысы Анастасия Толстая өзара бөлісіп алды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.