Материалдар
10 - қазан "Психикалық денсаулық" күні.
- Толығырақ
- Жарияланды 18.10.2023 16:59
10 - қазан "Психикалық денсаулық" күні. Психикалық денсаулық - бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына, стресске төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар адамның жайлы жағдайы. Адамның тән саулығы мен психикалық саулығы, яғни жан саулығының өзара байланысы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы күні сіздерге біз тек жақсылық пен көтеріңкі көңіл-күй тілей отырып «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ұсынуды жөн көрдік. Олар: • Қалыпты физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану – жүрек пен қантамырларының саулығының, күшті жүйке жүйесінің және мықты иммунитеттің кепілі.
• Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау – дененің тез қалпына келуіне және стрестік жағдайларға төзімді болуға көмектеседі.
• Хобби немесе сүйікті ісіңізбен айналысу – организмнің «қуаныш гормонын» бөлуіне әсер етеді.
• Қызықты және позитивті адамдармен араласу оң энергиямен қуаттап, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.
• Ішіңдегіні айта білу – ішіңдегіні түгел айтып жеткізбеу, жағымсыз эмоциялар, түсінбеушілік пен күйзеліс ауыр психикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.
• Жайсаңдылық, мейірімділік пен қайырымдылық – өмірдегі қиын сәттерді жеңуге көмектесетін жағымды сезімдер.