Материалдар
Ауыл олимпиадасының республикалық кезеңі
- Толығырақ
- Жарияланды 25.01.2024 18:32
Олимпиада міндеттері:
- Ауылдық мектептер оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;
- Ауылдық білім беру ұйымдарындағы дарынды балаларды анықтау үшін жағдайлар жасау;
- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жанындағы Республикалық сырттай мектепке қабылдау және одан әрі оқыту арқылы ауылдық жерлердегі жоғары сынып оқушыларын республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға іріктеу және даярлау.
Олимпиада нәтижесінде Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Шаймарданова Амина І орын алып, Астана халықаралық университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру тобы бойынша университет гранты берілді. Пән мұғалімі Есимханова Айтжамал Мадатовна.