Материалдар
Қамқоршылық кеңесі хаттамасы
- Толығырақ
- Жарияланды 17.11.2020 16:01
«Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі» ММ
Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы
Өткізу күні: 09.11.2020 жыл
Қатысты: 7 адам
Шақырылды: мектеп директоры Жакупова Н.О., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акпаева Г.К., қамқоршылық кеңесінің төрайымы Айткулова К.А
Күн тәртібінде:
1-сұрақ бойынша тыңдалды: мектеп директоры Н.О.Жакупова.
- 2019 жылдағы демеушілікпен келген қаражат есебі - «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы бойынша түскен қаражат аз қаржыланған және мұқтаж отбасы балаларын мектепке киім және мектеп құралдарын алуына жұмсалғаны туралы есеп берді.
- бюджеттік қаражат айтылды
2-сұрақ бойынша тыңдалды: кеңестің төрағасы Айткулова К.А
Жаңа жыл мерекесіне ат салысу мәселесі көтерілді. Сонымен қатар елбасы жаңа жылдық мерекеге біздің мектептен баруға 3 «А» сынып оқушысы Жұртбай Абай ұсынылды. Себебі Жұртбай Абай аудандық, облыстық сайыстарға белсене қатысып , жеңістерге қол жеткізді. Ал тұрмыстық жағдайына тоқталатын болсақ көп балалы жанұядан және азқаржыланған отбасы. Анасы Узембаева Айжан Елубаевна үй шаруасында отыр.
Күн тәртібі сұрақтары талқыланып, шешім қабылданды:
1.Мектеп директорының есебі назарға алынсын.
2.Жаңа жыл мерекелік шыршасына қамқоршылық кеңесі мүшелері белсенділік танытсын. Жұртбай Абай елбасы жаңа жыл мерекесіне барсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Айткулова К
Хатшы: Макишева С.Е