ТҮЛЕК-2022 ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ.
- Толығырақ
- Жарияланды 20.06.2022 10:36
ТҮЛЕК-2022 ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ.
16маусым – жүректері лүпіл қаққан түлектер үшін ерекше күн. Себебі бүгін, 2021-2022 оқу жылын табысты аяқтаған, Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің түлектеріне балалық шақтан болашаққа жол сілтейтін орта білім туралы куәлік тапсыру салтанатты жиыны өтті. ҚР Рәміздеріне 30 жыл және «Балалар жылы» аясында мектеп түлектері тың жетістерге жетсе, білім бәсекесінде биік шыңдарды бағындыра алды.
Ерекше тебіреніс пен сезімге толы болып өтетін аттестат табыстау рәсіміне ата-аналар, ұстаздар түлектердің қуанышты сәтін бөлісуге келді. Биыл мектебіміздің 11 түлек алтын ұя мектебімен қоштасуда. Әрбір түлектің біз үшін орны бөлек. Бірі оқуда озат болса, енді бірі спорттың шыңын бағындырған үздік чемпиондар.
Ел ертеңі ақылына білімі сай тәуелсіз еліміздің жастарына құрмет білдіре отырып, салтанатты жиын барысында шараға қатысушы меймандар 11 білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат, олардың ішінде 1 «Үздік аттестат» иегері- Бақытжанқызы Айым, «Алтын белгі» иегері атанғандар - Абусейтова Адема, Мусабеков Тамерланға нәтижелі білім алуымен құттықтап, төсбелгімен марапаттады.«Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің» басшысы Итемгенов Маралбек Алдановичтің алғыс хатымен Базыл Жасмин марапатталды.
«... Біздің мектебіміз дарынды оқушыларға арналған табысты орда. Саналы тәрбие мен спорт, білім, қоғамдық шараларды қатар алған алдарыңыздағы жас түлектеріміз, «Өмір» деген үлкен теңізге аяқ басқалы тұр. Мектеп қабырғасында алған тәлім-тәрбиелеріңіз бұл жолда сенімді серік болады деп сенемін – деді мектеп директоры Жакупова Нурмира Өміржановна.
Осылайша, еліміз үміт артқан, заман сынынан сүрінбей өтуге машықтанған түлектер үлкен өмірге жолдама алып, қанат қақты. Қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектерге мектеп атынан тек қана сәттілік тілейміз!
СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!
Қазақ тілін үйренуге арналған өнімдер
- Толығырақ
- Жарияланды 15.06.2022 12:58
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді әзірледі:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Суда шомылудың қауіпсіздік ережелері
- Толығырақ
- Жарияланды 15.06.2022 12:51
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Құрметті ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды су айдындарына жібермеңіз, салдары қайтымсыз болуы мүмкін!
Балаларыңызға сақ болыңыздар!!!
"Біз бірдейміз" облыстық акциясы
- Толығырақ
- Жарияланды 15.06.2022 12:34
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастыққа арналған "Біз бірдейміз" облыстық акциясы мектебіміздің кітапханасында логопед маман Амренова Г. С өткізді.
Акцияның мақсаты: ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру, аутистік спектрдің бұзылу белгілерін анықтау, түзету жұмыстарының нәтижелерін арттыру. Ата-аналардың сөйлеу терапиясына деген қызығушылығын арттыру және түзету процесінің белсенді қатысушысы болуға көмектесу.
"Ынтымақ, бірлік жарасқан-Мәңгілік ел Қазақстан" сынып сағаты
- Толығырақ
- Жарияланды 15.06.2022 12:22
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 3"А" сыныбында "Ынтымақ, бірлік жарасқан-Мәңгілік ел Қазақстан"
сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Бейбітшілік жайында түсінік беру. Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы.
- Толығырақ
- Жарияланды 15.06.2022 12:04

Облыстық олимпиада жүлдегері
- Толығырақ
- Жарияланды 07.04.2022 14:03
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жылма-жылғы жүлдегері Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Абусейтова Адема «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Павлодар педагогикалық университетінің ректорының білім грантын жеңіп алды. Жас, шығармашыл, жетекші ұстаз – Хафиз Қайролла Құрметбекұлы Павлодар педагогикалық университетінің ректорының Алғыс хатымен
марапатталды.