Мектебімізде "Шахмат" ойындары өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 01:11
Мектебімізде өткен "Шахмат" ойынының нәтижесі шықты.
Қыздар:
1-орын Қуаныш Аяжан 6- сынып
2-орын Муратова Ясмина 6- сынып
3-орын Тезекбаева Милана 9б-сынып
Ұлдар:
1-орын Зекен Жарқын 9б-сынып
2-орын Дженсікбаев Асылхан 11-сынып
3-Теміржанов Тамерлан 8-сынып
Жарысқа барлығы 20 оқушы қатысты.
“Қайсар” клубының оқушылары ауданымыздың 1,2 мектеп оқушыларымен жолдастық кездесу өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 00:59
Мектебіміздің “Қайсар” клубының оқушылары ауданымыздың 1,2 мектеп оқушыларымен жолдастық кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын нығайту, ой-өрісін, шыдамдылығын, төзімділігін, икемділігін нығайту, ұжымдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Жасөспірімдерді жаппай спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Оқушыларымыз республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінен жүлделі орын алды.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 00:52
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына ықпал ету білім ордасының басты міндеті. Осы жұмыстарды жүйелі жүргізу нәтижесінде мектебіміздің оқушылары жақсы нәтижелер көрсетуде. Атап айтсақ, 2023 жылдың 13-17 ақпан аралығында өткен республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінен орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен мектебіміздің 11-сынып оқушысы Есимханова Альмира, 10-сынып оқушысы Шаймарданова Амина 3-орындар алды. Пән мұғалімі Есимханова Айтжамал Мадатовна.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар эссе жазды.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 00:45
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сынып болып кітап оқыту барысында әр сыныпқа екі кітап оқу тапсырмасы берілді. Соның бірі 7-сынып оқушыларына Александыр Грин «Алызыл желкендер» және Жюль Верн «Он бес жасар капитан» шығармалары оқуға ұсынылды. Берілген тапсырманы әр оқушы оқыған кітабі жайлы эссе жазды. Соның ішінен ең үздік эссе жазған оқушы анықталды. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Республикалық “Алтын жүрек” челленджін 1 “А” сыныбы қолдады.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 00:41
Мектебіміздің даярлық тобынан Алғыс айту күніне орай Республикалық “Алтын жүрек” челленджін 1 “А” сыныбы қабылдап, 1 “Б” сыныбына жолдады.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен мереке тілейміз! Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр!!!
"Дені саудың — жаны сау" тақырыбында тәрбие сағаты.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.03.2023 00:04
Мектебімізде 6— сынып оқушыларымен "Дені саудың — жаны сау" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Есимханова А.М.
Мектебіміздің оқушылары баршаңызға Алғыс білдіреді!
- Толығырақ
- Жарияланды 17.02.2023 02:25
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Мектебіміздің оқушылары баршаңызға Алғыс білдіреді!