Материалы
«Сол күндердің ұмытылмас даңқы»
- Опубликовано 11.05.2021 10:02
Әр жыл сайын мамырдың мерекелі күндері халық сұм соғыс жылдарын, батырларды еске алады. Жарты ғасырдан астам уақыт өткенмен, ұрпақтан ұрпаққа естен кетпес мұра болып келеді. Сондықтан, 1-4 сынып оқушылары арасында соғыс жайлы өлеңдер оқу сайысы өткізілді. Мақсаты болып ҰОС жайлы шығармалар мен авторлармен танысып, олардың өлеңдерін оқу ғана емес, патриоттық тәрбие беру, дарынды балаларды іріктеу, өз шығармашылықтарын көрсете білу.Қазылар алқасы балалардың дайындығы жоғары деңгейде екенін байқады. Және Лора Тассидің "Оборванного мишку утешала" өлеңін ерекше атап өтті. 2 сынып оқушысы Мандрыка Полина бұл ауыртпашылық кезеңнің қасіретін көрсете білді. Образға кіре отырып, Полина, сол соғыс кезінде өзі болғандай сезім білдірді. "Үздік оқырман" атанды. Үздік орындар: 1орын – Мелихов Макар және Галлямов Роман (2 сынып), 2 орын – Бернатович Варвара (2 сынып) және Мелихов Ярослав (1 сынып), 3 орын – Поляков Александр (1сынып) және Исхакова Елизавета (3 сынып).9 мамыр – жарқын және қуанышты мереке. Бізге бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымызды мәңгілік есте сақтауымыз қажет.Бүгінгі таңда үлкендер балалармен Ұлы Отан соғысы тақырыбында сирек сөйлеседі. Нәтижесінде, мектепке дейінгі балалар соғыс, батырлар, халықтың рухани күші жайлы мағлұмат алмайды. Балалар Ұлы Жеңістің қандай бағамен келгенін білмейді. Сондықтан, біз балаларды соғыс жылдарының тарихымен таныстыруға міндеттіміз. Мереке қарсаңында, «Балапан» тобының тәрбиешісі Любовь Александровна Яковлева қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырды. Балалар ата-аналарымен бірге көптеген жұмыстарын ұсынды. Шығармашылық жұмыс барысында ата-аналармен балалар арасында Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме қозғалды.