Материалы
Жылдың үздік психологы
- Опубликовано 28.06.2019 08:21
2019 жылғы 3 қазанда білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы "Жылдың үздік психологы" атты республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Конкурс талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 39 педагог келесі кезеңге өтті. Қазылар алқасы психология-педагогикалық қызмет саласындағы психологтың кәсіби шеберлігін, жеке тұлға ретінде өзін-өзі анықтау қабілетін, білім беру үдерісінде психологиялық міндеттерді шешу және жобалау біліктілігін, психолог мамандығы туралы стандартты емес ойларымен эссе жазуын бағалады.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Орловка ЖОМ мұғалімі Семененко Валентина Александровна 2 орынға ие болды. "Мен және менің мамандығым" тақырыбы бойынша үздік эссе номинациясында Шарбақты ауданы Сосновка ЖОМ мұғалімі Шмальцель Диана Аяновна иеленді. Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!