Материалы
Ресурс орталығының жұмыс үрдісі
- Опубликовано 13.10.2020 11:03
«Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі» ММ
Ресурс орталығы. 2020-2021 оқу жылы
Біздің мектепте аудандық оқу бөлімінің 2013 жылғы №176 бұйрығымен тірек мектебі ашылды. Тірек мектебінің жұмысы ҚР БжҒ министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларының», 3-қосымшасы, «Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» негізге алынып жүргізіледі. Тірек мектеп ауданның мемлекеттік тілде оқытатын шағын жинақты мектептердің оқушыларымен жұмыс жүргізуге ашылды. 2020-2021 оқу жылында ресурс орталығында аудандық оқу бөлімінің 4 қыркүйектегі №230/1 бұйрығы негізінде Галкин ЖОББМ мен Жанауыл ЖОББМ-нің 10-11 сынып оқушылары білім алады. Барлығы 21 оқушы. Математика-жаратылыстану бағытының бейіндік пәндері: математика, биология және физикадан жұмыс жүргізіледі.
Ресурс орталығын материалдық-техникалық базасы
Мектептің типі - орта жалпы білім беру мектебі. Оқу –тәрбие үрдісінде 21 оқу кабинеттері, 2 шеберхана , барлығы жабдықталған кабинеттер; стандартқа сай спорт зал, 90 орынға арналған тамақтану залымен қамтамасыз етілген асхана, ыстық тамақпен 100% тамақтанады, оның ішінде 62 аз қаржыланған оқушылар тегін тамақпен қамтылған. Кітапхана кітап сақталу қоймасы мен оқу залынан тұрады. Кітап қоры – 15895, оның ішінде оқулықтар-11661 мен ОӘК саны -50. Электрондық оқулықтар саны – 469.
Мектепте оқу үрдісінде 48 компьютер қолданылады, информатика және компьютер кабинеттерінде, 6 мультимедиалық проекторлар қолданылады.. Жалпы 1 оқушыға 6 компьютерден келеді. Барлығы 26 компьютер интернет желісіне қосылған. Оқушылар мен мұғалімдердің On-line режиміндегі өтетін сабақтарға, конференцияларға қатысуына, сессия аралық жұмыстарды жүргізуге, қашықтық консультациялар жүргізуге жағдай жасалған.