Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі 2020-2021 оқу жылы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.11.2021 08:43
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі 2020-2021 оқу жылы
Биылғы 2020-2021 оқу жылында ӘБ- те 4 мұғалім еңбек етеді. ӘБ мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті- болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпынады. Жоғары білімді мұғалімдер жұмыс істейді.
Картова Ә.Ш- жоғары санатты білікті ұстаз, Шинтаева Д.А- педагог зерттеуші, Жұмабаева А.Қ- педагог эксперт, Карпекова Ә.К- екінші санатты мұғалім.
Жылдың басынан әдістемелік бірлестікте 3 отырыс өткізілді, онда әртүрлі сұрақтар қаралып, шешімдер қабылданды. Отырысымыз 2019-2020 оқу жылының қорытындысымен жаңа оқу жылына жоспарды қабылдауды болды. Осы отырыста пәндер бойынша күнтізбелік жоспарды қабылдап оқу ісінің орынбасарына тексеріске және директордың құптауына берілді. Жоспар бойынша аудандық олимпиадаға оқушыларды дайындау туралы айтылып жоспар қабылданды.
Мекелердің барлығы онлайн түрінде өткізілді. Қыркүйек айында 2020 жылдың 22 қыркүйек күні «Тіл мерекесін» атап өтті. Тілдер күнін әр пән бойынша қабырға газеті шығарылып, тілдің құрметі туралы әртүрлі мақалалар, сөзжұмбақтар, ребустар шығарылды, оқушылар жиналысын өлең оқудан бастады, 5 Б сыныпта Жұмабаева А.Қ «Тіл халық байлығы» атты іс- шара өткізді, 9-11 сыныптарда «Қазақ тілі- мемлекеттік тіл» викторина сабағы өткізілді, әр мұғалім өз пәні бойынша тапсырмалар дайындап, қызықты өтуге ат салысты. «Тілдер мерекесі» апталығында қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай оқулары өткізілді.Сайыс барысында оқушылар мәнерлеп оқу шеберлігін таныта білді, мадақтамалармен марапатталды. «Ән- көңілдің ажары» номинациясында 7 сынып оқушылары Ахметова Дания, Белоусько Валерия, 8 сынып оқушысы Шукубаева Гюзель, 6 «А» сынып оқушысы Мыльникова Анастасия грамоталарымен марапатталды. М.Әлімбаев аудандық көркемсөз оқу байқауына 7 сынып оқушысы Белоусько Валерия II орынға иеленді, Ахметова Дания III орынға иеленді, сыйлықтармен марапатталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мәнерлеп оқу сайысы онлайн түрінде өткізілді. Карпекова Аружан сайысқа қатысып, жүлделі орынға ие болды.