Абайдулин Никита Вячеславович
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:29
«Алтын белгі» аттестат иегері және Галкина ЖОББМ түлегі. Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі әскери-спорттық жарыстарға қатысқаны үшін грамоталармен және медальдармен марапатталған. Қазақ тілі пәнінен аудандық пән олимпиадасының жеңімпазы және облыстық пән олимпиадасының жүлдегері.
Абдығалық Алтынай
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:29
мектепте өзін ұқыпты да тәртіпті оқушы ретінде көрсете білді. Оқу материалдарын талапқа сай игеруде. Жақсы көретін пәндері: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Мектепте өзін тек жағымды жағынан көрсетіп, мектепішілік мәдени және қоғамдық шараларға белсене қатысады. Бос уақытында әдеби кітаптарды оқығанды және шығармашылық жұмыстармен айналысқанды ұнатады. 2016 жылы ҮІІІ облыстық «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» форумында «Білімді зерек адам болам!» - десең, «Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытының ІІ орын иегері; 2017 жылы «латын әліпбиіне көшу – уақыт пен заманның талабы» дебат-пікірталас ойынына қатысып «Нақты шешімдер» номинациясына ие болды. 2019 жылы Аудандық «Абай оқулары» атты байқауда «Ұлылар әлемі» номинациясының І орын иегері 2020 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған биология пәні бойынша республикалық онлайн олимпиадасының ІІІ орын иегері; Сонымен қатар, облыстық «Ақберен», «Абай оқулары», «Мағжан оқулары» байқауларына қатысып, сертификаттармен марапатталды.
Беккожина Инзара
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:29
11 сынып оқушысы, Жаңа-ауыл ЖОМ, «Алтын Белгі» иегері, мектеп белсендісі, облыстық, аудандық интеллектуалдық және спорттық сайыстардың жеңімпазы,2020 ж. Қазақстан тарихынан өткен қашықтық олимпиаданың І орын иегері, «Бритиж Бульдог», «Ақбота» сайыстарының белсенді қатысушысы,халықаралық «Инфоурок» пән олимпиадаларының жеңімпазы, «Мұрагер» білім беру орталығының «Ғылыми жоба» сайысының І орын жүлдегері, мектепішілік «Наурыз ханшайымы» сайсының ІІ орын иегері, «Платон» халықаралық қашықтық олимпиадасының І орын иегері, аудандық шаңғы жарысының ІІІ орын иегері, белбеу күресінен республикалық, облыстық сайыстардың І.ІІ орын иегері (Түркістан, Петропавл, Павлодар қалалары)
Айдана Садвокасова
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
мектепте өзін ұқыпты да тәртіпті оқушы ретінде көрсете білді. Оқу материалдарын талапқа сай игеруде. Жақсы көретін пәндері: орыс тілі мен әдебиеті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Мектепте өзін тек жағымды жағынан көрсетіп, мектепішілік мәдени және қоғамдық шараларға белсене қатысады. Бос уақытында әдеби кітаптарды оқығанды және шығармашылық жұмыстармен айналысқанды ұнатады. 2016 жылы «Кенгуру-математика барлығы үшін» халықаралық интеллектуалдық конкурсының ІІІ орын иегері 2018 жылы аудандық пәндік олимпиадаға қатысып, орыс тілі пәні бойынша ІІ орын иегері; 2018 жылы «Ой-сана» аудандық конкурсының ІІІ орын иегері; 2019 жылы облыстық «Менің болашақ мамандығым...» бейнероликтер сайысының І орын иегері; 2020 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған орыс тілі пәні бойынша республикалық онлайн олимпиадасының І орын иегері; 2020 жылы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 75 жылдығына байланысты «Ер есімі – ел есінде» атты Республикалық қашықтықтан өткен байқауда жүлделі І орынға ие болды.
Дильназ Касенова
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
11 сынып оқушысы, Жаңа-ауыл ЖОМ, «Алтын белгі» иегері, мектеп белсендісі, облыстық , аудандық сайыстардың жеңімпазы, аудандық «Family day» конкурсына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат иегері, «Ақбота», «Бритиж Бульдог» сайыстарының белсенді қатысушысы.
Жуманов Диас Тлекович
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
«Алтын белгі» аттестат иегері және Галкина ЖОББМ түлегі. Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі әскери-спорттық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Павлодар облысы командасының капитаны, Қарағанды облысы Спасск қ. өткен «Айбын – 2019» республикалық байқауында, тоғызқұмалақтан жарысқа қатысып, республика чемпионы атанды. Мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін «мектептің ең үздік спортшысы» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
Ислам Кажимейрамович Хамитов
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
11 сынып оқушысы, Жаңа- ауыл ЖОМ, «Алтын белгі» иегері, мектеп белсендісі, республикалық математика пәнінен Платон шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиада жеңімпазы. «Жарқын болашақ» облыстық қазақ тілі олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом иегері, аудандық «Жас ғалымдар» олимпиадасының ІІ орын иегері, Облыстық ғылыми конференцияға белсенді қатысқаны үшін сертификат иегері, «Біліміңді шыңдай түс» халықаралық олимпиадасының І дәрежелі диплом иегері (Алматы қаласы).
Калтаева Шнар Мейрамовна
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
Галкина ЖОББМ түлегі және «Алтын белгі» аттестатының иегері.
2018 жылы орыс тілінен аудандық пән олимпиадасының жүлдегері, «Айбын» әскери-спорттық жарыстарының және спорттық бағдарлаудың қатысушысы.
2017-2018 оқу жылында Галкина ЖОББМ құрама командасының құрамына кіреді.
Наталия Смирнова
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
№ 3 ЖОББМ бастауыш сыныптарынан Наталия Смирнова – болашақ «Алтын белгі» иегері екенін білді. Он бір жыл ішінде Наталия өзін-өзі жауапты оқушы ретінде, заттарға ерекше көзқараспен қарайтын адам ретінде, сарқылмас шығармашылық потенциалы бар тұлға ретінде көрсетті. Ерекше дарындылық, өткір ақыл және өжеттігі оған орнында отыруға мүмкіндік бермейді. Наталия аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардың, сондай-ақ зияткерлік конкурстардың бірнеше дүркін қатысушысы және жеңімпазы болып табылады. Бұдан басқа, Наталияны жоғары көшбасшылық қасиеттер мен ұйымдастырушылық қабілеттер ерекшелейді. Осының арқасында, онсыз бірде-бір мектеп іс-шарасы өтпейді. Барлық мектеп Наталияны мақтан тұтады және одан әрі жаңа белестерді бағындыруға сәттілік тілейді!
Рахат Әмина
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
14.05.2003 жылы Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген.
Мектепте өзін ұқыпты да тәртіпті оқушы ретінде көрсете білді. Оқу материалдарын талапқа сай игеруде. Жақсы көретін пәндері: қазақ тілі және әдебиеті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Мектепте өзін тек жағымды жағынан көрсетіп, мектепішілік мәдени және қоғамдық шараларға белсене қатысады. Бос уақытында әдеби кітаптарды оқығанды және шығармашылық жұмыстармен айналысқанды ұнатады. 2016 жылы «Бір ел – бір тағдыр» облыстық жас ақындар сайысының ІІІ орын иегері; 2016 жылы «Жарқын болашақ» ҮІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің «Әнші-бұлбұл» номиниациасының ІІІ орын иегері; 2017 жылы «Рухани жаңғыру – Алаш жолы» аудандық жас ақындар сайысының ІІ орын иегері; 2017 жылы «Жарқын болашақ» ІХ республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің «Әнші-бұлбұл» номинциясының ІІ орын иегері; Әмина 2018 жылы 9-сыныпты «Қызыл аттестатпен» аяқтады. 2019 жылы аудандық «Абай оқулары» байқауының І орын жүлдегері; 2020 жылы Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен аудандық олимпиададан І орынды, облыстық олимпиададан ІІІ орынды иеленді; 2020 жылы Облыстық кітапхана ұйымдастырған «Алтын адам» шығармашылық сайысының І орын иегері; 2020 жылы «Алтын белгі» үміткері қатарында. Сонымен қатар, облыстық «Ақберен», «Мағжан оқулары» байқауларына қатысып, сертификаттармен марапатталды. Ауданда өткен мектепаралық дебаттарда өзінің сөз шешендігімен көзге түскен оқушы. Әминаның мінезі салмақты, сабырлы, өзінің жас ерекшелігіне сай, адамдармен тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлай біледі. Өмірге көзқарасы позитивті. Құрбыларымен, сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген үлгілі оқушы. Әмина отбасына қамқор болу жауапкершілігін түсінеді, ата-анасын, отбасы мүшелерін құрметтейді. Алға қойған мақсаты: ұстаз болып, ел болашағы жастарға рухани тәрбие беруге атсалысу.
Степаненко Екатерина
- Толығырақ
- Жарияланды 05.06.2020 08:28
«Шарбақты ауданының гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ» КММ түлегі, «Алтын Белгі» белгісі бар аттестат иегері. Ынталық, зейінділік, жинақылық, білуге құмарлық сияқты қасиеттерге ие болып бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін "өте жақсы" білім алды. Мектеп, аудандық, облыстық іс-шараларға белсене қатысты. Әртүрлі деңгейдегі зияткерлік конкурстарда жүлделі орындарға ие болды, мысалы, 2017ж «Жарқын болашақ» 9 республикалық олимпиадада 3 дәрежелі диплом иегері атанды. 2019 жылы «Ұлттық киімнің этномәдени мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияда 3 дәрежелі диплом алды. 2016 жылы VI облыстық физика олимпиадасының қатысушысы болды. 2018 жылы физика бойынша VIII облыстық олимпиадасының қатысушысы болды. Жақсы есту қабілеті мен дауысқа ие бола отырып, оқудан басқа музыкамен шындап айналысты: музыка мектебін өте жақсы бітірді, әртүрлі деңгейдегі музыкалық конкурстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды, осылай 2017 жылы «Сәлем, Астана» республикалық конкурс-фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша гран-при алды. Сыныптастарда беделге ие, адамдарға үйір, жарқын жүзді, қайырымды. Болашақ мамандығын медицинамен байланыстыруды шешті, ЖОО медициналық бағыт бойынша оқуға түсуге дайындалуда.