Ата-аналар жиналысының хаттамасы
- Толығырақ
- Жарияланды 11.11.2022 17:14
Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «№ 3 ЖОББМ» КММ
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Өткізу нысаны: жалпымектептік ата-аналар жиналысы (онлайн)
Өтетін күні: 21 қаңтар
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, 1-11 сынып ата-аналары, 1-11 сынып жетекшілері
Өтетін орны: ZOOM
Жауапты: мектеп әкімшілігі
Күн тәртібі:
1. Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің «№3 ЖОББМ» КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі директордың 2021 жылғы кезеңдегі есебі. (баяндамашы Е.А. Бирюкова - мектеп директоры.).
2. ДТЖО-ның жарақаттанудың алдын алу және білім беру процесін ұйымдастыру кезінде қауіпсіз жағдайлар жасау жөніндегі жұмысы туралы есебі. (баяндамашы Т.В. Дубинина).
1. Сөз сөйледі:
1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Е.А. Бирюкованы тыңдадық, ол 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп берді. Мектеп жеті Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
2) Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;
3) Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру;
4) Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
5) Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
6) Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
7) Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау.
2021 жылы санаттар бойынша қағаз және электрондық нұсқада барлығы 122 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» қағаз нұсқасында 63, электрондық нұсқада 7 көрсетілетін қызметті алушы;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» қағаз нұсқасында 33, электрондық нұсқада 8 көрсетілетін қызметті алушы;
- «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» қағаз нұсқасында 7 көрсетілетін қызметті алушы;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» электрондық нұсқада (eGov) 1 көрсетілетін қызметті алушы;
- «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» қағаз нұсқасында 3 көрсетілетін қызметті алушы.
2. Екінші мәселе бойынша мектептің ДТЖО Т.В. Дубинина сөз сөйледі. Өз сөзінде ол оқушылардың жарақаттануының алдын алу бойынша презентация ұсынды, себебі балалардағы жарақаттар жиі ауыр зардаптарға әкеледі. Балалардың қозғалуы кезінде оларды бақылау өте қиын..
2. Қаулы етті:
1. Мектеп директоры Е.А. Бирюкованың ақпараты назарға алынсы.
2. Ақпарат назарға алынсын және осы бағыттағы жұмыс жалғастырсын.
Хатшы: Т.В.Дубинина