Материалдар
Блогтың қағидалары
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2018 11:31
Құрметті блогқа қатысушылар!
Осы қағидалармен Павлодар облысы мемлекеттік органдары басшыларының ресми блог- платформасының жұмыс тәртібі анықталады. Блог Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдары басшыларының Интернет-қызметін қолданушы тұрғындарымен интерактивті қатынас түрі. Блогтардың иелері блог–платформада орналасқан Павлодар облысы мемлекеттік органдарының басшылары болып табылады bayanauledu.kz электрондық мекен-жайы бойынша орналасқан блог-платформа қазақ және орыс тілдерінде қолданылады.
Сіздің сұрағыңызға жауап алуды жылдамдату үшін, қоятын сұрағыңызды анық және тұжырымды айтуды сұраймыз. Сұрақты қоймас бұрын оған жауапты қалалар мен аудандар әкімдері және облыстық мемлекеттік органдар басшыларының блогтарынан іздеп көріңіз. Сіздің сұрағыңызға қажетті жауаптың болуы әбден мүмкін, сондықтан сіз қажетті ақпаратқа жеңіл қол жеткізесіз. Сауатты жазуларыңызды сұраймыз. Мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін құрметтемеген, оның ережелері мен нормаларын сақтамаған өтініштер оның мазмұнына қарамастан жойылуы мүмкін.
Модератор өтініштің жалпы мағынасы мен бастапқы ойын бұзбай мәтінді редакциялау, грамматикалық қателерді және дұрыс басылмаған жерлерді түзету құқығына ие.
Өтініштер жарияланбайды, егер: - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын басқа да құпиялар бар мәліметтерден тұратын болса; - есірткі өнімдерін, психотропты заттарды насихаттайтын болса, алкоголь өнімдеріне, темекі, өнімдеріне жарнама жасайтын болса, порнографиялық және нәпсі-эротикалық сипаттағы ақпараттардан тұратын болса, мейірімсіздік дінін және зорлықты насихаттау, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық басымдық жөнінде дискриминациялау; - басқа да талқылауға қатысушылар атына, нақты тұлғалар мен ұйымдарға қатысты жалған мәліметтер мен жағымсыз ойлар айтылып, жала жабылып, қоқан-лоқыдан тұратын болса, басқа этностар мен конфессия өкілдерінің және жасөспірімдердің құқықтары шектеліп, бұзылса, оларға кез келген түрде зиян келтірілсе; - үшінші тұлға туралы, оның келісімінсіз дербес мәлімет тарату; - спам, жарнамалық ақпараттардан тұратын, коммерциялық мақсатты көздеу; - заң үлгісінің кез-келген қолданылуын бұзатын болса; - сыпайсыз лексика және оның туындысы, сондай-ақ осы анықтамада жоқ болып кететін, лексикалық бірлікті қолдануға ишара болса (сыпайсыз лексикасы бар хабарлар автоматты түрде жойылады).
Сіздерден бір мәселеге қатысты өтініштердің қайталанбауын, қойылған сұраққа берілген жауаптарды ауқымды бағалау мен талдаудан, өтінішіңізге басқа желілік ресурстарды, құжаттарды, суреттерді, бейнефайлдарды қоса беруге және пайдаланудан бас тартуды сұраймыз Мұндай жағдайда сіздің материалдарыңызды модератордың жою мүмкін Блог – платформаға келіп түскен өтініштің авторлары туралы ақпарат қатаң түрде құпия сипатқа ие.