Материалдар
Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 08.02.2020 14:45
- Емтихан әкімшісі – мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын және осы Нұсқаулықта бекітілген тәртіппен білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлға;
- аттестаттау комиссиясы – білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері мен директордың орынбасары кіреді;
- апелляциялық комиссия – емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың өтініштерін қарастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері кіреді;
- апелляция – алынған балл/бағаға келіспеу туралы дәлелдемелері көрсетілген білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
- білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында алдын ала қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
- емтихан ережесін бұзу – қорытынды аттестаттауға қатысушылардың (білім алушылар, мектеп қызметкерлері мен басқа да қатыстырылатын тұлғалар) осы Нұсқаулықта бекітілген нормаларға қарама-қайшы әрекеттері;
- емтихан комиссиясы – білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектеп қызметкерлері кіреді;
- Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген пәндер тізбесі мен өткізу формасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелеріне мектеп қызметкерлері мүдделі жағдайда осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша мүдделілігі туралы декларацияны толтыру қажет. Мүдделілік туралы декларацияны толтырған тұлғалар емтихан, аттестаттау және апелляциялық комиссия құрамына қатыса алмайды. Мектеп қызметкерлері мүдделілігі туралы декларацияны емтиханның басталуына 1 ай уақыт қалғанда мектепке тапсыруы керек.
- Емтихан комиссиясының төрағасы Емтихан материалдарын қабылдап алған соң оны арнайы бөлінген кабинетке / қауіпсіз сақтау орнына қояды.
Емтихан нәтижелері емтихан материалдарын тексеруді аяқтаған соң келесі күні жарияланады.
- Қорытынды аттестаттауды өткізген соң қорытынды аттестаттау құжаттары (акт, декларация, ведомость және басқалары) мектепте сақталуы керек. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Білім басқармасы мектептен құжаттарды талап ете алады. Сақтау мерзімі – 1 жыл. Сақтау мерзімі аяқталған соң аталған құжаттар жойылады.
- Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аудиториялар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
- әр білім алушыға арналған парта/орынның болуы, парта/орынның ортасынан келесі парта/орынның ортасына дейінгі ара қашықтық 1,25 метрден кем болмауы керек;
- тиісті жарық, желдеткіш, дыбысоқшаулағыш және температуралық режимнің болуы;
- әрбір білім алушының көру аймағында қабырға/электрондық сағаттың болуы;
- тақтаның болуы;
- қосымша кеңсе құрал-жабдықтарының болуы;
емтихан пәндері бойынша анықтамалық-танымдық ақпараттары бар стенд, плакат, әдебиеттердің жоқ болуы.Бар болған жағдайда оларды уақытша алып тастау немесе жауып қою керек.