Материалдар
Мұғалім, сіздің атыңыздың алдында...
- Толығырақ
- Жарияланды 03.09.2022 22:53
Мұғалім, сіздің атыңыздың алдында...
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшыларының бірі мемлекеттік қайраткер, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ жазуын реформалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынов болды. Биыл бүкіл ел Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуын атап өтуде. Осындай ұлы күнді мерекелеу аясында, жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен әдебиеттің бастауында тұрған, білім мен ғылымның дамуына қолдау көрсететін қазақ тіл білімінің негізін салушының қызметімен таныстыру, халықтың санасын оятқан өз халқының болашағына қамқорлық жасайтын Алаштың рухани көшбасшысының көпқырлы тұлғасын кеңінен таныстыру мақсатында Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің "Гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім береу мектебі" КММ-де, әр түрлі сипаттағы іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді; мектеп кітапханасында "Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының мақтанышы" көрмесі ұйымдастырылды, онда ақынның өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинақтары, ғылыми эсселер, әдеби шығармалар ұсынылды; орта буын оқушылары арасында "Ұлтымыздың Ұстазы – Ахмет Байтұрсынов" атты челлендж-постер өткізілді. Мектеп фойесінде қазақ тілі мұғалімдерімен "Ұлтымыздың ұстазы -Ахмет Байтұрсынов" қабырға газеттері сайысы өткізілді; педагогикалық ұжым мен оқушылар арасында "А. Байтұрсынов - ағартушы ғалым" ашық диктантын; мектеп оқушылары "Ұлы ағартушы-Ахмет Байтұрсынов" өлеңдерін мәнерлеп оқып өз өнерлерін көрсетті; мектеп кітапханашысымен «Ахмет Байтұрсынов-ақын, ғалым, публицист» портрет-кешін өткізілді. «Ахмет- Ұлт ұстазы» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында А.Байтұрсыновтың өмірі туралы ақпарат ұсынылды. А.Байтұрсынов-ғалым, көптеген оқулықтардың құрастырушысы, аудармашы, этнограф қана емес, сонымен қатар кішкентай балаларға арналған көптеген өлеңдерінің авторы. Ахмет Байтұрсынов қажырлы, еңбегімен қазақ әдебиетін жоғары деңгейге шығарды, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік негізін қалады.
Ахмет Байтұрсынов ересектер мен балалар үшін үлкен әріппен жазылатын мұғалім болды. Ол халық жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын өкілі болған және болып қала береді. Қазақ халқының ұлы Ахмет Байтұрсынов мемлекетіміздің тарихында терең із қалдырды!!!!