Версия для слабовидящих
Логин
Құпия сөз
Мені есте сақта
Жазғы лагерь кезінде мектебіміздің"Киелі Өлке","Асыл мұра" жазғы бейіндік лагерінің жоспары бойынша 5-7-сынып оқушылары «Елімнің шежірелі байлығы» жобасы аясында киелі жерге саяхат жасады. Тарихи-танымдық шара рухани жаңғыру шеңберінде қолға алынған «Туған жер» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары арқау болды. Экскурсия ауданымыздың «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орналасқан Ғабдул-Уахит хазіреттің кесенесінде болды. Кесене қарағай орманының тұңғиығында орналасқан. Бұл - хазіреттердің бірі тыныштық тапқан, Қазақстанның киелі жерлерінің бірі. Оның бірегейлігі «хазірет» атағы Мир-и Араб Бұқара медресесінің жүз мыңдаған оқушыларының біріне ғана беріледі. Оқушылар киелі жердің тарихымен танысып, білімдерін молайтып қайтты.
-Мұндай сапар өсіп келе жатқан жаңа буынды патриотизмге тәрбиелеп, туған жерге деген құрметті қалыптастырады. Жоба жетекшілері Тилеухан С, Абдугалиева А.А оқушыларымыз саяхаттан мол әсер алып қайтты