Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера17
За неделю70
За месяц353
Всего59539

Поиск по сайту


<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30
31            

Материалдар

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты ашық сынып сағаты

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты ашық сынып сағаты өтті.Ашық сабақ барысында оқушылар 30жылдық кезең ішінде ҚР Тәуелсіздік жетістіктері туралы,мемлекетіміздің тарихы,елдің даму стратегиясы жайлы айтылды. Іс шарамызға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен "Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті" төрағасының орынбасары Дауенов Ернұр Нұрланұлымен және Ауданымыздың әкімі Абеуов Әзілхан Кәріғұлұлымен кездесіп, Тәуелсіздік ұландары, болашақ ел тірегі ретінде өз ойларын ортаға салды. Ернұр Нұрланұлы: "Бәсекеге қабілетті тұлға" дегеніміз кім? деген тақырыпта оқушыларға кеңестерін ұсынды. "Болашақ кілті –жан-жақты дамыған , бәсекеге қаблетті ұрпақ қолында" дей отырып, сондай қабілетті жеке тұлға болу үшін мектеп қабырғасынан бастап не істеу керек екендігі жөнінде сөз қозғап нақты ұсыныстарын айтты: кітап оқу, IT технологиясын меңгеру, шет тілдерін үйрену, сонымен қатар мамандықты дұрыс таңдау, алдымен мамандықты таңдап, сонан соң сол мамандыққа дайындайтын пәндерді жақсы меңгеру. Сонымен қатар балаларды "ерікті болу"-ға шақырды. Қайырымды болу, өзінен кішілерге мектепте көмек көрсетуден басталатынын да айта кетті. Ауданымыздың әкімі Абеуов Әзілхан Кәріғұлұлы өз сөзінде оқушыларға өзін дамыту, білімге құштар болу, қашықтықтан оқудың тиімділігін пайдаланып, әр түрлі саладан хабардар болып отыру-қазіргі заман талабы екендігін атап көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар берді. Оқушылар тәуелсіз жетістіктерін мақтанышпен айта отырып, өздерінің алдағы 10-15 жылда елімізге қосатын үлестері жайлы, армандары жайлы айтты. Өздерін әр салада, таңдаған мамандықтары бойынша елестетіп, елімізге өз үлестерін қосатындықтарын айтып, сенімділік білдірді.Ашық сағат соңында мектебіміздің директоры Нурмира Өміржановна қорытынды сөз сөйлеп ашық сабаққа уақыттарын бөліп, ақыл-кеңестерін, тәжіриберелімен бөліскен қонақтарымызға өз алғысын білдірді.

#ШарбақтыАуданы
#АбайҚұнанбаеватындағыОЖББМ
#qazaqstan30
#qazaqstan30jyl
#meninqazaqstanym
@ernur_dauenov
@abeuov_a.k

 

WhatsApp Image 2021 10 05 at 15.12.56WhatsApp Image 2021 10 05 at 15.12.57WhatsApp Image 2021 10 05 at 15.12.58 1WhatsApp Image 2021 10 05 at 15.12.58 2WhatsApp Image 2021 10 05 at 15.12.58

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz