Материалдар
Мектебімізде "Инабат" қыздар клубы құрылды
- Толығырақ
- Жарияланды 08.02.2022 14:01
Мектебімізде "Инабат" қыздар клубы құрылған болатын..Оған 7-11 сынып қыздары қатысады. Клубтың жұмысы рухани-адамгершілік, эстетикалық, гигиеналық бағытта жоспарланған. Жетекшісі: мектеп психологі, "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімі Смайлова Аймереке. 13-қазанда "Қыз сұлулығы-қылығында" деген тақырыпта тренинг-сабақ ұйымдастырылды.Сабақта қыздарға тән жарасымды қылықтардың, "қазақ қызына" сай мінез құлық ережесін сақтап қалу маңыздылығы туралы айтылып қыздардың пікірлері тыңдалды.Сонымен қатар, қыздардың арасындағы сыйластық пен тілеулестілікті арттыруға бағытталған тренинг-жаттығулар өткізілді. Сабақ барысында өздерімен қатарлас ер балалардың қыздарға тән ұнайтын қасиеттерін жазған пікірлері оқылды..Сабақ соңында қыздар "Қыздар күні" құрметіне тәттілерге толы дастарханнан дәм татып, ризашылықтарын айтты..Алдағы кездесулерге байланысты ұсыныстар айтылды.