Материалдар
ТҮЛЕК-2022 ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ.
- Толығырақ
- Жарияланды 20.06.2022 10:36
ТҮЛЕК-2022 ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ.
16маусым – жүректері лүпіл қаққан түлектер үшін ерекше күн. Себебі бүгін, 2021-2022 оқу жылын табысты аяқтаған, Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің түлектеріне балалық шақтан болашаққа жол сілтейтін орта білім туралы куәлік тапсыру салтанатты жиыны өтті. ҚР Рәміздеріне 30 жыл және «Балалар жылы» аясында мектеп түлектері тың жетістерге жетсе, білім бәсекесінде биік шыңдарды бағындыра алды.
Ерекше тебіреніс пен сезімге толы болып өтетін аттестат табыстау рәсіміне ата-аналар, ұстаздар түлектердің қуанышты сәтін бөлісуге келді. Биыл мектебіміздің 11 түлек алтын ұя мектебімен қоштасуда. Әрбір түлектің біз үшін орны бөлек. Бірі оқуда озат болса, енді бірі спорттың шыңын бағындырған үздік чемпиондар.
Ел ертеңі ақылына білімі сай тәуелсіз еліміздің жастарына құрмет білдіре отырып, салтанатты жиын барысында шараға қатысушы меймандар 11 білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат, олардың ішінде 1 «Үздік аттестат» иегері- Бақытжанқызы Айым, «Алтын белгі» иегері атанғандар - Абусейтова Адема, Мусабеков Тамерланға нәтижелі білім алуымен құттықтап, төсбелгімен марапаттады.«Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің» басшысы Итемгенов Маралбек Алдановичтің алғыс хатымен Базыл Жасмин марапатталды.
«... Біздің мектебіміз дарынды оқушыларға арналған табысты орда. Саналы тәрбие мен спорт, білім, қоғамдық шараларды қатар алған алдарыңыздағы жас түлектеріміз, «Өмір» деген үлкен теңізге аяқ басқалы тұр. Мектеп қабырғасында алған тәлім-тәрбиелеріңіз бұл жолда сенімді серік болады деп сенемін – деді мектеп директоры Жакупова Нурмира Өміржановна.
Осылайша, еліміз үміт артқан, заман сынынан сүрінбей өтуге машықтанған түлектер үлкен өмірге жолдама алып, қанат қақты. Қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектерге мектеп атынан тек қана сәттілік тілейміз!
СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!