Материалдар
Абайды оқы, таңырқа!
- Толығырақ
- Жарияланды 10.08.2022 17:26
10 тамыз –« Абай күні» дәстүрлі мерекесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысының толықтырылуымен 2020 жылы белгіленді. «Абай күнін» атап өту хакім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртуды, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етеді.Осыған орай ,Абайдың туған күні мектебімізде жыл сайын аталып өтеді. Абай шығармаларын жатқа оқу дағдысы мектепте құрылған «Парасат» театры мен «Оқуға құштар мектеп» жобасының жұмысымен ұштастырылған.Қазақтың шамшырағы болған ұлы тұлғаны ұлықтау - кейінгі ұрпақ міндеті. Ақынның шығармаларын оқу, өсиеттерін орындау –білім алушылардың оқуға құштарлығымен сараланады.
Ұлы ақынның есімі берілген білім ордасында «Абайды оқы,таңырқа!» атты іс-шара өтті. 6-8 сынып оқушылары бас ақынның «Ұяламын ,дегенің көңіл үшін!», «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы »және «Өлсе өлер табиғат , адам өлмес» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, ұстаз , айтыскер ақын Қайролла Құрметбекұлы Абайға арнаған арнауын жолдады.
Абай қазақ үшін теңдессіз құбылыс. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады.
Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы
ЖОББ мектебінің
тәрбие ісінің орынбасары:
Акпаева Гүлжан Қайырбекқызы.