Материалдар
"Тілім- менің тірегім" атты ақпараттық сағат
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2022 21:35
«Оқуға құштар мектеп» жобасының шеңберінде «Тілім- менің тірегім» атты ақпараттық сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең және нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу; Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!