Материалдар
«Мәдениетті қыз» тақырыбындағы ақпараттық-танымдық дәріс өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 11.11.2022 13:34
«Мәдениетті қыз» тақырыбында өткен ақпараттық-танымдық дәріске мектептің 7-10 сынып оқушы қыздары қатысты. Қыздарға «Инабат» қыздар клубының жетекшісі Смайлова Аймереке «Мәдениетті ана -мәдениетті ұлт» концепциясы туралы ақпарат беріп, оның маңыздылығына тоқталды. Жалпы «мәдениет» ұғымының қыздарға қатысты жақтары айтылып, қазіргі замананның қыздарының дамуы мен мақсатқа жету жолында білім алумен қатар рухани қасиеттерді сақтап қалу маңыздылығы түсіндірілді.
«Заманауи» боламын деп өз дәстүр-салттарын аяқ асты ететін және сондай бейнелерін әлеуметтік желілерге салып насихаттайтын қазіргі жастардың кейбір қылықтарының дұрыс еместігі жөнінде айтылып, әр түрлі әлеуметтік желілер мен ғаламтордағы бейәдеп қылықтардан аулақ болып жүруге шақырды «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген Абай данамыздың сөзін есте ұстау әрбір адамның ойында жүруі маңызды екендігі түсіндірілді.