Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня0
Вчера13
За неделю167
За месяц564
Всего60810

Поиск по сайту


<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Материалдар

«Шыңғыстаудың үш шыңы» атты әдеби кеш өткізілді

 

   Ағымдағы жылдың қазан айының 26 жұлдызында мектебімізде «Шыңғыстаудың үш шыңы» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.А.Негманова, Қамқоршылық кеңестің төрағасы А.К.Айткулова, Түркістан облысы «Қызыл ата» ЖОББМ делегациясы, ауыл мектептерінің директорлары мен ұстаздары қатысты.
     Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімдері аталатын үш арыс, үш бәйтерегі Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылықтарымен әйгіленген ұлы тұлғалар.
Әдеби кеш үш кезеңнен құралып, біріншісі ұлы Абайдың жеке шығармашылығына тоқталды. Мектеп оқушылары Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыса, лирикалық сезімге толы әндерінің бірі «Айттым сәлем, Қаламқас», екінші атауы «Жігіт сөзі» әніне жас ұстаздарымыз А.К.Кабрашитов пен А.Т.Смайлова сахналық қойылым көрсетті.
    Келесі кезең «Абайдың Шәкәрімді оқуға жібергені» туралы телефильмнен үзінді көрісінен бастау алды. Осы орайда мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, білімді, дарынды жастарымыздың бірі Қайролла Құрметбекұлы өз жүрегінен шыққан арнау арнаса, Шәкәрімнің адамгершілікті насихаттайтын көркем өлеңдерін 5-8-сынып оқушылары мәнерлеп оқыды.
     Үшінші кезең Мұхтар Әуезовтің жеке шығармашылығына арналды.
«Еңлік-Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да айырықша орын алғаны мәлім. Пьеса үзіндісін мектебіміздің «Парасат» театры мүшелері сахналады, Абыздың рөлінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Қ.Хафиз, Жапал қойшының рөлінде 5-сынып оқушысы Нұрболұлы Ұлықман, Кебектің рөлінде 11-сынып оқушысы Нұрғабыл Парасат және Еңліктің рөлін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С.Серигхан сомдады. Сондай-ақ, мектебіміздің шет тілі пәнінің мұғалімі А.Б.Жумангалиева «Қарагөз» пьесасындағы ғашығының ауруға шалдыққанын мойындай алмай кеткен Сырымның рөлін сомдады. Бұл туынды да көрермендердің ерекше ықыласына бөлене білді. «Шыңғыстаудың үш шыңы» атты әдеби кешіміздің соңы Абайдың жүректі тебірентер «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz