Материалдар
“Тәртіп-тазалықтан басталады” тақырыбында жиналыс өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 02.12.2022 14:36
Мектебімізде “Қайсар” ұлдар клубының жетекшісі Е. Далилхан жоспарға сәйкес 7-8 сынып оқушылары арасында “Тәртіп-тазалықтан басталады” тақырында жиналыс өткізді.
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.