Материалдар
«Анаға қарап қыз өсер» атты танымдық тәрбиелік сағат ұйымдастырылды
- Толығырақ
- Жарияланды 02.12.2022 14:42
Білім ордамызда «Анаға қарап қыз өсер» атты танымдық тәрбиелік сағат ұйымдастырылды. Шараны «Инабат» қыздар клубының жетекшісі Смайлова А.С ашып, танымдық кездесудің мақсатын айтып, жиналған қыздарға кездесу кешіне шақырылған көп балалалы ана Сапарғали Асем Темешқызын таныстырды. Қазіргі заманда қыздардың тәрбиесіне ықпал ететін әр түрлі факторлар туралы түсінік бере отырып, бала тәрбиесіндегі ананың ролінің маңыздылығын ұқтыру, аналарға деген құрмет сезімдерін дамыту мақсатында өткізілген танымдық кеште өмірмен байланыстырылған мысалдар айтылып, оқушы қыздардың да пікірі тыңдалды. Қанша заман өтсе де «Анаға қарап қыз өсер» мәтелінің маңызының жоғалмайтындығы, себебі ана қыз тәрбиесіндегі басты тұлға болып қалатындықтан, қазіргі қыздың болашақ ұрпақ тәрбиешісі ретінде қоғамдағы ролінің зор екендігі атап көрсетілді. Өз кезегінде Асем Темешқызы қыздарға қазіргі заманда бала тәрбиесіндегі кездесетін кейбір мәселелерге тоқталып, ана болудың бақыты мен жауапркершілігін айта келіп, қыздарды өз аналарына қандай жағдай болса да құрметтерін жоғалтпауға шақырды.