Материалдар
«Білімді қыз деп кімді айтамыз?» атты 9-сынып қыздарымен тәрбиелік пікірлесу сабағы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 02.12.2022 14:57
Мектебімізде «Білімді қыз деп кімді айтамыз?» атты 9-сынып қыздарымен тәрбиелік пікірлесу сабағы өтті. Шараның мақсаты: «Білімділік» сөзін тереңірек талдай отырып, қыздарға білім мен тәрбиенің байланысын тереңірек түсіндіру. «Білімді қыз» болудың маңыздылығын сезіндіру. Қыздар екі топқа бөлініп, «Білім» және «Қыз» сөздеріне ассоциация жасай отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Пікірлесу барысында қыздар білімділік бұл тек қана оқу мен белгілі бір сала бойынша диплом алу ғана емес, ең басты білім алған тәрбие мен өнегеде екендігін атап көрсетті. Себебі, «білімді адам деп өмірден алған тәрбие мен тәлімі көп, тәжірибесі мол адамды айтамыз» деген ойға келді. «Инабат» қыздар клубының білімділік пен тәрбиелілікті ұштастыра айтқан ойлары көңілді қуантты. Пікірлесу сабағына мектебіміздің жас ұстазы педагог-магистр Айнагүл Нұрланқызы қатысып, қыздардың білімін шыңдауға байланысты өз кеңестерін айтты. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек» деген, дана ойшылдарымыздың: «Қыз тәрбиелі болса-ұлт тәрбиелі» деген тағылымдарын назарда ұстай отырып, «Қазіргі заман қыздарының жан-жақты білімді, білікті болуымен қатар тәрбиелі, өнегелі болуы міндетті» деген тұжырыммен сабақ қорытындыланды.