Материалдар
«Мектептегі кәсіби бағдар берудің мазмұны мен ынталандыру әдістері» тақырыбында кезекті сессия
- Толығырақ
- Жарияланды 25.01.2023 21:34
«Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының Қазығұрт ауылының Қызылата жалпы орта білім беру мектебімен 2022 жылғы 21 –желтоқсанында «Мектептегі кәсіби бағдар берудің мазмұны мен ынталандыру әдістері»тақырыбында кезекті сессия жұмысын өткізді. Мақсаты: Оқу–тәрбие үрдісінде кәсіби білім берудің басымдылығы. Мектептің кәсіби білім беру моделімен Г.Б.Сагынаева таныстырды. «Алуан түрлі кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл» оқыту–тренингін (шеберлік сағатын) мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беруші және мектеп психологы А.С.Смайлова жүргізді.
Сессия соңында бейіндік оқыту бағдарламасы бойынша серіктес мектептің 11-сынып оқушыларына тақырыптық консультацияларды пән мұғалімдері жүргізді.