Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня3
Вчера17
За неделю73
За месяц356
Всего59542

Поиск по сайту


<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

«Қауіпсіз мектеп автобусы» айлығы

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2019 жылғы 2 тамыз-10 қазан аралығында республикамызда «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу. Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясына қатысты. Акция барысында арнайы жоспар құрылып, мектепішілік іс-шаралар өткізілді. «Айлық кезінде «Жолда жүру қауіпсізідігін сақтау» бойынша мектеп оқушыларына жадынама парақтары таратылып, тәрбие сабақтары, флешмоб және бастауыш сыныптар арасында сурет сайыстары өткізілді. Сонымен қатар қоғамдық көлікте, мектеп автобустарындағы қауіпсіздік ережелерді сақтау мақсатында «Жолда абай бол!» атты сынып сағаттары барлық сыныптарда өткізіліп, мектеп оқушыларына толық мағлұматтар беріліп, түсіндірілді. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен көше қиылысында арнайы жаттығулар өткізілді. Жолда жүру ережелері пысықталып, оқушылар өз білімдерін шындай білді.Бөлімшеден тасымалданатын оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты мектеп мұғалімдері кезекшілік жасап үнемі ілесіп барып отырады. Сондай-ақ, мектеп автобусының техникалық жағдайы туралы мәліметтер жинақталып, автобуста арнайы жарық пен дыбыстық сигналдың болуы үнемі бақыланып отырады. 2019 жылғы 9 қазан күні «Жолда жүру ережесі» атты әкімшілік полиция инспекторы Мейірманов Сұңқар Меңдібайұлының қатысуымен 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. « Біз жолмен тіл табысамыз» атты жол бойындағы арнайы таңбалармен танысу саяхат сабақтарында сынып жетекшілері жол бойында түсіндіру жұмыстарын өткізіп, оқушылардың таңбаларды жаттап алуына ықпал етті. «Жол қауіпсіздігі, ережелерін есіңде сақта» атты жаттығулар мезгіл өткен сайын оқушылармен пысықталады.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz