Материалдар
ТОП ЖАРҒАН – 2022
- Толығырақ
- Жарияланды 24.05.2022 16:57
Шарбақты ауданының барлық жиырма төрт мектебінде 20-23 мамыр аралығында «ТОП ЖАРҒАН – 2022» іс-шарасы, мектеп және қоғамдық қызметтің дамуына үлес қосқан талантты, дарынды оқушыларды, белсенділерді, еріктілерді, оқу үздіктерін салтанатты құттықтау өткізілді. Марапаттауға ұсынылған лайықты оқушыларды анықтау үшін мектептерде марапатталғандардың тізімін мектеп әкімшілігі, Қамқоршылық кеңесі, ата-аналар қоғамдастығы өкілдерінен бекіту үшін комиссия құрылды.Комиссия шешімі оқушылардың оқу жылындағы барлық жетістіктері: дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар негізінде қабылданды.
Бұл іс-шара балалар жылы аясында өткізілді және Павлодар облысының білім беру басқармасымен бастамашылық етілді.
Өткізілген іс-шараларға марапатталатын оқушылардың ата-аналары; мектеп мұғалімдері; қамқоршылық кеңес өкілдері; білім беру ұйымдарының демеушілері; педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты. Аудан мектептерінде бұл күндері 501 оқушы мен 51 мұғалім марапатталды. Балалар грамоталармен марапатталды, ақшалай сыйақылар мен сыйлықтар алды, сыйлықтар қатарында қала сыртындағы лагерьлерге жолдамалар, тәтті сыйлықтар, спорт тауарлары болды.