Материалдар
Шарбақты ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы Консультациялық пунктердің жұмысы туралы ақпарат
- Толығырақ
- Жарияланды 18.10.2023 14:01
Шарбақты ауданында 23 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді. Әр мектепке дейінгі ұйфмда Консультациялық пунктер жұмыс жасайды. Консультациялық пункттер ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін, отбасын және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылды. Консультациялық пункттер балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, әдіскерлері, психолог, логопед, дефектолог мамандары ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация береді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған. Сонымен қатар, ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін ұйымдастырылған.