Материалдар
1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат
- Толығырақ
- Жарияланды 13.05.2019 08:21
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады. Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған және олар мектепалды даярлықты бастаған балаларға бұл курсты аяқтайды және келесі оқу жылына 1 сыныпқа барады. 1 сыныптағы оқу бағдарламасы жас ерекшеліктеріне қарай құрылған.
ҚР білім және ғылым Министірлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығымен мектепке қабылдау ережесі регламенттелген.
Мектепке қабылдау кезінде келесі құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
5) көлемі 3 х 4 см фотосурет – саны 2 дана.
Даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мектепке қабылдау нормасы сақталған. Сондай-ақ баланың қалауы, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымының таңдауы бойынша баланың немесе білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің құқығы қарастырылған.