Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня1
Вчера15
За неделю183
За месяц580
Всего60826

Поиск по сайту


<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Материалдар

Жаз-2019. Есептеу нүктесі

    Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Шарбақты ауданының оқу бөлімімен «Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» атты семинар өткізілді. Семинарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп жанындағы лагерь директорлары, тәлімгерлер, мектеп медбикелері қатысты. Семинарға ауданның қажетті қызметтерінің мамандары - Дмитрий Анатольевич Гурин «Қоғамдық денсаулықты қорғау» аудандық басқармасының маманы; Надежда Анатольевна Горюцкая - ювиналдық полиция инспекторы; Жұмыспен қамту орталығының маманы - Әсел Александровна Мускенова. Семинарда оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі өмір сүру қауіпсіздігі және олардың жұмыспен қамтылуы туралы, балалар ұжымдарындағы тамақтан улану және жіті ішек инфекцияларының алдын алу туралы, балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар туралы, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың көшеде, жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы мәселелер талқыланды. Мектеп оқушыларын жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету, СӨС алдын алу, оқушыларды сауықтыру, балалар үшін сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды жақсарту және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, семинарда жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша Республикалық семинарға қатысушы Красман Любовь Евгеньевна сөз сөйледі. Өз сөзінде ол республикадағы әріптестердің жұмыс тәжірибесі туралы айтып, республикалық семинар - кеңестің ұсыныстарымен бөлісті.

   Оқу бөлімімен ауданның білім беру ұйымдарының бағдарламалары мен жобаларының байқау-конкурсын өткізу, жазғы кезеңде балаларды сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз ету, балалар мен ата-аналармен жолдардағы, көшелердегі, судағы, өрт кезіндегі балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша сабақтар өткізу туралы ұсыныстар берілді. Семинарға қатысушыларға оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар, жадынамалар, басқа да қажетті материалдар жіберілді. Ауданда жазғы демалысқа дайындық айлығы жалғасуда. «Жас 2019» жобасын қорғау бойынша байқаудың бірінші кезеңі 21 мамыр күні аудан мектептері арасында өткізіледі, қай мектеп ең үздік жобаларды ұсынатынын құзыретті қазылар алқасы анықтайды.

 

 

Call cent

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

balalar zhyly
Балалар жылы - 2022

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

banner111kz