Материалдар
«Жаз-2022» аудандық байқауының бірінші кезеңі өткізілді
- Толығырақ
- Жарияланды 24.05.2022 11:49
Шарбақты ауданының білім беру бөлімі жазғы демалысқа дайындық айлығын өткізу шеңберінде «Жаз-2022» аудандық конкурсының 1 кезеңін өткізді. Байқауға ауданның 22 мектебі қатысты. Байқауға қатысушылар жазғы демалысты ұйымдастыру және өткізу бойынша өздерінің мектеп бағдарламалары мен жобаларын ұсынды. Бағдарламалар мен жобаларды қорғауды жүргізудің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің каникулдық демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтің мазмұнын жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.
Тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушілер, мектеп жанындағы лагерь директорлары жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру құрылымын ұсынды, сөз сөйлеулер презентациялармен сүйемелденді. Қазылар алқасы мектептер жазғы демалыстың креативті бағдарламаларын ұсынғанын атап өтті.
Жалпы ауданда балаларды, оның ішінде мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымдары біздің балаларымыздың демалуы, күшеюі, жаңа әсер, білім алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды; олар балалардың арманын жүзеге асыруға және осы жазғы демалысты баланың өмірінде таңқаларлық және ұмытылмас етіп ұйымдастыруға тырысады.